Халықаралық жобалар мен зерттеулер

Желтоқсан 2009 ж.- жапонтану кафедрасы Цукуба университетімен бірлесе отырып «Жапонтану: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Материалдар Жапонияда жарияланды.

2. Желтоқсан 2009 ж. – жапонтану кафедрасы Цукуба университетімен бірлесе отырып магистранттар мен студенттердің қатысуымен халықаралық жастар студенттік форумын өткізді. Материалдар Жапонияда жарияланды.

3. Жапонтану кафедрасының оқытушылары Шорина Д.А. Және Боранқұлова С.И. 2010 жылы шілде айында Цукуба университеті өткізген «Студенттерді тарту және зерттеу қызметін күшейту саласындағы Жапония мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы» халықаралық конференциясына қатысты.

4. Кафедра оқытушылары Шорина Д.А. және Нурелова А. Түркі тілдес елдерде Жапон тілін оқыту жөніндегі ІІІ халықаралық семинарға қатысты. Семинарда Түркияның, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Қазақстанның өкілдері болды. Семинар 28-29 тамыз 2010 жылы Анкара қаласында (Түркия) өтті.

5. Кафедра оқытушысы Рыспекова Н.С. ММУ Азия және Африка елдерінің институтында ТМД елдерінде жапон тілі оқытушыларына арналған семинарға қатысты. Семинарда жапон тілінің грамматикасы мен жапон тілін оқыту әдістемесіне байланысты мәселелер талқыланды. Төрайымы белгілі жапонтанушы Нечаева Л.Т. болып тағайындалған ТМД елдерінің Жапон тілі оқытушыларының ассоциациясы осы семинарды ұйымдастырды. Семинарға Ресей, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ, Халықаралық жапон қоры мамандары қатысты.

6. 2-4 қараша 2010 ж. жапонтану кафедрасы Васэда университетімен бірлесе отырып, ПОҚ, магистранттардың, студенттердің қатысуымен «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» тақырыбында халықаралық дөңгелек (қараша 2010 ж.) үстел өткізді.

7. 9- 12 ақпан 2010 ж. жапонтану кафедрасы Васэда университетімен бірлесе отырып магистранттардың қатысуымен мәдениаралық коммуникация жөнінде семинар өткізді.

8. Жапонтану кафедрасының Toshiba компаниясымен жасалған бірлескен жоба бойынша 2011 жылдың мамыр айында жапон тілінің оқу материалдарын және ең жаңа жабдық алды.

9. Қыркүйек 2011 жылдан бастап Цукуба университетімен біріге отырып жапон тілі оқулығын әзірлеу жобасын бастауды жоспарлап отырмыз.

10. Оқытушы Шорина Д.А. 21 тамызда Қытайда өтетін «Түрлі елдерде жапон тілін оқыту ерекшеліктері» халықаралық ғылыми конференциясына қатысады.