Академиялық ұтқырлық және тағылымдамалар

Кафедра қызметкерлері мен PhD-докторанттары әлемдегі жетекші ғылыми орталықтардан өз білімдері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын шыңдатады. Институттың ғалымдары Халықаралық бағдарлама бойынша Гермениядағы DAAD ғылыми қызметкерлермен алмасады және Гейдельберг университетімен, Карлсруе (Германия) университетімен, сонымен қатар Сеуль университетімен (Корея республикасы) бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Кафедра қызметкерлері Халықаралық конференцияларға белсенді түрде қатысады, мысалы, «Partnerships for Prosperity & Security. Accessing innovative technologies from Russia, Ukraine and Kazakhstan» Женева (1989 жыл), Индия (1996 жыл); Сан-Диего (1995 жыл) конференциялар. Женевадағы отқа төзімді ӨЖС - материал «Фурнон» күміс медальмен марапатталынды.Кафедра жыл сайын Алматы қаласында жалын құрылысы, ӨЖС, көміртекті материалдардың физикасы мен химиясы//Наноинженерия (200, 2002, 2004, 2006 жылдар) жану және плазмохимия (2001, 2003, 2005, 2007 жылдар) атты халықаралық конференциялар өткізіп тұрады.