Жалпы мәліметтер

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ


Физика-техникалық факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысы, факультеттің төрт кафедрасының ғылыми-өндірістік базасын және интелектуалды күшін біріктіретін, эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтында (ЭТФ ҒЗИ) және ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертханасында (АТҰНЗ) жүзеге асады. Факультеттің ғылыми жұмысы институттың Ғылыми-техникалық кеңесі арқылы үйлестіріледі.

Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ)

ЭТФҒЗИ №295 1990 жылдың 24 шілде айынан Казақ ССР Министерлерінің Кеңесінің қаулысына сәйкес бұйрықпен Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті бойынша 1992 жылдың 10 сәуірінде құрылған. № 37 2003 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2003 жылдың 27 мамыр айында институт әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының ЖОО алғашқы ҒЗИ бірінші директоры ҚР ҰҒА академигі, физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор Кожамкулов Т.А. болған. Кожамкулов Т.А. сол кезеңде ҚазМУ физикалық факультетінің деканы қызметін атқарған және оның бастамасымен осы институт құрылған болатын. «Кеңестік ғылымға» және оның ұйымдастырылуының принциптеріне сүйене отырып ЭТФ ҒЗИ жылдар бойы (ҚазҰУ құрылған уақыттан бастап) физикалық факультетте іргесі қаланған ғылыми мектептерді сақтап, оларды ары қарай дамыта алды, жаңа әлемге бейімделіп, өтпелі кезеңді артқа тастап, құрылымын, кадрларды сақтай отырып заман талаптарына сай ұйымдастыру және қаржыландыру принциптерін ауыстыра отырып сапалы түрде қайта құрылды.

1993 жылы директор міндетін ҚР ҰҒА академигі, физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор Баимбетов Ф. Б., 1993 жылдан 1995 жылдар аралығында физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор Дробышев А. С., 1996 жылдың ақпан айынан 2000 жылдың сәуір айынының аралығында физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор ТажибаеваИ. Л., 2000 жылдың сәуір айынан маусым айының аралығында физика-математикалық ғылымдарының докторы Ибраев Б. М., 2000 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың қараша айының аралығында физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Т. С. атқарған. 2006 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін институт директоры қызметін физика-математикалық ғылымдарының кандидаты Лаврищев О. А. атқарады.

ЭТФ ҒЗИ 20 ғылыми зертханадан құралған 4 бөлімнен тұрады:

ЭТФ ҒЗИ директоры Лаврищев Олег Александрович

АШЫҚ ТҮРДЕГІ ҰЛТТЫҚ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА (АТҰНЗ)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында «Ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхананы» (АТҰНЗ) құру туралы «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір сұрақтары» Қазақстан Республикасының 2007 ж. 21 желтоқсанындағы № 1258 қаулысына сәйкес, университет жанында «Ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхананы» құрылған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы АТҰНЗ Әділет Министірлігінде Алматы қ. 2008 жылдың 4 шілдесінде ҚР БҒМ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ШЖҚ РМК «Ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген.

Нанотехнологиялық зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттеріне жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда көмек көрсету, сонымен қатар зерттеулер нәтижесін және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды Қазақстан Республикасының экономикасының өсуін, тұрақтылығын, диверсификациясын қамтамасыз ететін өндірістің сәйкес салаларына енгізу АТҰНЗ қызметінің мақсаты болып табылады.

2008 жылы АТҰНЗ бірінші директоры болып ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдырының докторы, профессор Сарсембинов Шәмші Шәріпұлы тағайындалған. Сарсембинов Ш.Ш. басшылығымен АТҰНЗ жарғысы жасалған, мақсаттары мен тапсырмалары анықталған, сондай-ақ Қазақстандағы нанотехнология дамуының негізгі бағыттары анықталған. ҚР ҰҒА академигі Сарсембинов Ш.Ш. Қазақстандағы ретсіз жартылай өткізгіштердің, халько-генидті әйнек тәріздес жартылай өткізгіштердің және аморфтық наноқұрылымдық алмаз тәріздес көміртектік жұқа қабықшалардың қасиеттерін фундаменталды зерттеулерінің дамуының негізін қалаушы болып табылады.

2008 жылдың 12 тамыз және 2010 жылдың 28 желтоқсан аралығында ҚР ҰҒА академигі Ш.Ш. Сарсембиновтың оқушысы, физика-математика ғылымдырының кандидаты Александр Павлович Рягузов АТҰНЗ директоры қызметін атқарған. Әр түрлі әдістермен дайындалған халько-генидті әйнек тәріздес жартылай өткізгіштердегі құрылымды, электрондық қасиеттерді және наногетероморфизмді зерттеу, мышьяк сулфидіндегі құрылымдық есті анықтау, сонымен қатар күміс және висмут нанокластерлерімен модифицирленген аморфты алмаз тәріздес көміртектік қабықшалардың құрылымын және қасиеттерін зерттеу А.П. Рягузовтың негізгі жетістіктері болып табылады.

2010 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі АТҰНЗ директоры, физика-математика ғылымдырының кандидаты, PhD Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы болып табылады. Ғабдуллин М.Т. идеал емес плазма физикасы және плазмалық технологиялар саласындағы маман.

АТҰНЗ орналасқан мекен - жай: 050012, Алматы қаласы, Толе би көшесі, 96а, телефон/факс (727)3773511, e-mail:gabdullin@physics.kzwww.nnlot.kz


АТҰНЗ директоры Габдуллин Маратбек Толепбергенович

ИНЖЕНЕРЛІК ПРОФИЛДІЗЕРТХАНА (ИПЗ)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инженерлік профильді зертхана Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылдың 15 наурызындағы Қаулысымен, 2007 жылдың 15 наурызындағы № 120 ҚР БҒМ бұйрығының негізінде «Ашылатын жоғары оқу орындарын анықтау туралы» және «Инженерлік профильді зертхана құру туралы» 2009 жылдың 2 ақпанындағы № 20 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығы бойынша құрылған.

ИПЗ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады, физика-техникалық факультетінің кластері құрамына кіреді және ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік – құрылыстық жұмыстардың озық деңгейіне қол жету мақсатында, сонымен қатар, ИПЗ кадрлық және материалды – техникалық потенциалын эффективті түрде пайдалану мақсатында қызмет атқарады.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ШЖҚ инженерлік типтегі профильді зертхана РМК нанотехнология және жаңа материалдар, ақпараттық технологиялар және телекоммуникация саласында зерттеулер жүргізілуде.

ИПЗ директоры Батрышев Дидар