Факультет тарихы


ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ

Экономика және бизнес жоғары мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ең алғаш құрылған бөлімшелерінің бірі болып табылады. Экономика факультеті ең алғаш 1949 жылы құрылған. 1951 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен оған дейін 2 жеке дербес (Экономикалық және философиялық) факультеттер бір Философиялық-экономикалық факультет болып бірікті.

1963 жылы Экономика факультеті Алматының Халық шаруашылық институты (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті) құрылған кезде сапалық және сандық жағынан өзгеріске ұшырады.

1997 жылдың маусым айында экономика факультеті тағы өзгеріске ұшырады. Экономика және құқық факультеттері бірігіп – Экономика және Құқық Институты құрылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен 2001 жылдың қыркүйек айында Экономика және Құқұқ Институты екі дербес: «Экономика және Бизнес» факультеті және «Құқық» факультеттері болып бөлінді. Солай, 2001-2002 жылдың оқу жылынан бастап қазіргі Экономика және Бизнес жоғары мектебінің құрылымы қалыптасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен 2010 жылы Экономика және Бизнес факультеті Экономика және Бизнес жоғары мектебі болып құрылды.

ҚазҰУ Экономика және Бизнес жоғары мектебінің түлектері ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Парламентінде, ҚР Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларда және өзге де қаржылық ұйымдарда, сонымен қатар еліміздің экономикасының түрлі салаларындағы өндірістерде жұмыс істейді.

Көптеген ғалымдар мен саяси-қоғам қайраткерлері ЭжБЖМ түлектері болып табылады. Бұл тұлғалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мақтанышы болып табылады – ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сагадиев К.А., э.ғ.д., профессор Карагусова Г.Д., «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Сагинтаев Б.А., «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Р.А., Павлодар облысының әкімі, э.ғ.д., профессор Арын Е.М., Халықаралық Бизнес Университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Абишев А.А., т.б.

Сағадиев К.А.

Сатыбалдин С.С.

Карагусова Г.Д

Абишев А.А

Алшанов Р.А

Сагинтаев Б.А