История университета с 2008 по 2010гг.

Енді Қазақстанға әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті білікті мамандар қажет. Сол үшін, Елбасы Қазақ Ұлттық Университет алдына еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыруға мақсат қойды. Қазіргі таңда, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті - қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды белсенді жүзеге асырып отырған, ірі халықаралық деңгейдегі ғылым, білім ордасы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең озығы және беделдісі болып табылады. Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың берілген тапсырмаларына сәйкес, ҚазҰУ-дың жаңа 2009-2011 жылдарға арналған даму Стратегиясы қабылданды. Университет өзінің жан-жақты қызметін кең ауқымда жүргізіп, қарқынқынды дамып, жастардың бойында азаматтық, ұлтжандылық сезімдерін, ұрпақтар сабақтастығының дәстүрлі үрдісін қалыптастыруда зор еңбек етуде. Стратегия ЖОО қызметінің жан-жақты жүйелік көрінісіне, «сыртқы орта» - мемлекет, қоғам, еңбек нарығы, Қазақстанның ғылыми-инновациялық жүйесіне негізделген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылып, оқу үдерісі автоматтандырылды. Жаңа жүйе барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін тәжірибелік қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі ұжымдық желі болып табылады. Студенттің қазіргі оқып жүргендегі үлгерімі (шамамен 60%) емтихандағы бағаға қарағанда басымырақ. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида. Семестр бойы еңбектенбеген студент емтиханда жоғары баға алуы мүмкін емес. Ата-аналар баласының үлгерімін қашықтықтан жүйеге кіріп көре алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жаңа деңгейдегі жүйе.

Алғашқы Ph.D философия докторлары дайындалып шықты. ҚазҰУ халықаралық деңгейде кадрларды даярлауда Қазақстан мен ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып үшсатылы жүйеге көшті. 2008 жылдың қарашасында франциялық «Bureau Veritas certification» органының аккредитациясынан сәтті өтті. Жаһандық білім беру саласының талдауы негізінде, ҚазҰУ-ды зерттеу университетіне айналдыру ұсынысы түскен болатын. Әлемдегі ең жоғары топ-рейтингтерге енген оқу ордаларының бәрі де зерттеу университеттері болып табылады.