"Халықаралық құқық" мамандығы

Халықаралық құқық бөлімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық бөлімі Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдеріндегі халықаралық құқық саласында маманданушы заңгерлерді дайындау бойынша жетекші орталық болып табылады. Бөлім 1990 жылы ҚазМУ заң факультетінде құрылған халықаралық құқық кафедрасы негізінде жұмыс істейді. 1995 жылдан бері кафедра дербес «Халықаралық құқық» мамандығының базалық кафедрасы ретінде халықаралық қатынастар факультетінің құрамында қызмет етеді.

Мамандарды дайындау құрамына бакалавриат, магистратура және Ph.D. докторантурасын қамтитын үш сатылы үзілмес білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Бакалавриатта оқу 4 жылға созылады, бұл уақытта студент жалпыуниверситеттік компонент пәндері (экономикалық теория, философия, әлеуметтану, саясаттану, информатика, т.б.), жалпы құқықтық пәндер (мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық, т.с.с.) және халықаралық құқықтың негізгі пәндері (халықаралық жария құқық, халықаралық жеке құқық, дипломатиялық және консулдық құқық, халықаралық ұйымдар құқығы, қарулы қақтығыстар құқығы, адам құқықтарын халықаралық қорғау, т.б.) бойынша дайындық өтеді. Қазақстандық және шетелдік шаруашылық субъекттерінің, кедендік, сыртқы экономикалық саладағы басқа да құзіретті органдардың қатынастарын реттеуші халықаралық және ішкі мемлекеттік құқық салаларына ерекше назар аударылады. Бакалавриат шеңберінде студенттің таңдауы бойынша бір шетелдік – батыс (ағылшын, француз, неміс немесе испан) немесе шығыс (араб, қытай, жапон, түрік, кәріс) тілін тереңдетіліп оқу, сонымен қатар бір семестр ішінде екінші тілдің негіздерін оқу көзделген. Оқу барысында студенттер оқу-танысу және өндірістік тәжірибеден өтеді. Бітірушілер шет тілі білімімен халықаралық құқық бакалавры дәрежесін иемденеді.

Бакалавриат бітірушілер жетекші ғылыми қызметкерлер жетекшілігімен халықаралық жария және жеке құқықтың салалық пәндері тереңдетіліп оқытылатын магистратурада жоғарғы ғылыми-педагогикалық білім ала алады. Бітірушілерге халықаралық құқық магистрі дәрежесі беріледі.

2005 жылдан бастап халықаралық құқық бөлімінде бітірушілері халықаралық құқықтағы философия докторы дәрежесін алатын Ph.D. докторантурасы бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау басталды. Докторантурада оқушылардың шетелдік ғылыми іссапар жасауға мүмкіндіктері бар, докторлық диссертацияның жетекшілерінің біреуі болып шетелдік (Ресей, Франция, Ұлыбританиялық) шақырылған профессор тағайындалады.

Мамандықтың шығарушы кафедрасында арасында 1 профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 8 доцент, ғылым кандидаттары бар жоғары білікті мамандар дәріс береді. Оқытушылардың көпшілігі шетелдік дайындықтан өткен. Кафедра оқытушыларымен Білім беру және Ғылым Министрлігі тарабынан республиканың барлық жоғарғы оқу орындарында қолдануға ұсынылған арнайы курстар, оқу құралдары жасалған.

«Халықаралық құқық» мамандығының студенттері ғылым, қоғамдық жұмыс, өнер салаларындағы потенциалын жүзеге асыруға кең мүмкіндіктерге ие. Студенттер факультеттік, университеттік, жоғарғы оқу орындары арасындағы және халықаралық ғылыми конференциялар, олимпиадалар, пікірталастар мен сайыстарға қатыса алады. Солардың арасында ҚазҰУ халықаралық құқық бөлімінің студенттерінің жоғары жетістіктері дәстүр болған халықаралық жария құқық бойынша Джессеп атындағы байқау, қарулы қақтығыстар құқығы бойынша Мартенс атындағы байқауды ерекше атап өткен жөн.

«Халықаралық құқық» мамандығының ерекшелігі оның бітірушілерінің жалпы құқықтық пәндермен бірге халықаралық құқықтың әр түрлі салалары бойынша білім иеленіп, сонымен қатар, шет тілін жетік меңгергендігінен жұмысқа орналасуға өте кең мүмкіндіктерінде. Басқаша айтқанда, олардың тұлғасында заңгердің де, дипломаттың да қасиеттері ұштасады. Мамандық бітірушілері негізінен келесі бағыттарда қызмет етеді:

- сыртқы қатынастар (Сыртқы Істер Министрлігі, елшіліктер, консулдықтар), сот, құқық қорғау жүйесі, прокуратура, кеден, әділет органдары, бірқатар министрліктер мен ведомстволар, әсіресе олардың халықаралық бөлімдеріндегі мемлекеттік қызмет;

- кен игеру, банктік, қаржылық, т.б. салалардағы шетелдік, бірлескен және қазақстандық кәсіпорындардың құқықтық бөлімдері мен арнайы заңгерлік компаниялардағы заңгерлік тәжірибе, сонымен қатар, адвокатура, нотариат, кедендік рәсімдеу салаларында жеке тәжірибе;

- әр түрлі халықаралық үкіметаралық және бейүкіметтік ұйымдардағы (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымы, Интерпол ж.т.б.) қызмет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық бөліміне түсіп, оқу мен ғылыммен қатар пікірсайыс, спорт, Көңілді және Тапқырлар Клубы, алуан түрлі шығармашылықпен айналысатын ең белсенді, дарынды, болашағы зор жастар ортасына қабылданады. бұл мамандықта өткен жылдар алынған білім мен жаңа достармен танысумен шектелмей, ең қызықты студенттік өмірмен есте қалады.