Инфрақұрылым

ҚазҰУ инфрақұрылымы

Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Алматы қаласының көрнекті жерінің бірі, қала ішіндегі жеке қала, бірегей білім ордасы.

Аумағы 84 гектар қаланың таңдаулы ауданында орналасқан университет студенттік өмірге арналған оқу, тұрмыс, спорт, демалыс, емделу және тағы басқа қажеттіліктің барлығын ескерген және өзіндік инфрақұрылымға ие болған. Алматы сияқты мегаполисте орналасқан ҚазҰУ қалашығы қаланың «көгалдандырылған» жерлерінің бірі болып саналады, онда 37000 кв. метр жерді қамтыған 18000 ағаш отырғызылған.

ҚазҰУ қалашығында оқу-зертханалық кешендер, мықты кітапхана қорлары, жатақханалар, оқырман және Интернет-залы, мультимедиалық және компьютерлік класстар, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, медициналық пункт, тамақтану комбинаты, спорт кешені, сауда және өндірістік орталықтар, кинотеатр, пошта, коммуналдық қызмет орталығы және т.б. орналасқан.