Профессорско-преподавательский состав кафедры

Теориялық кафедрасының профессор-оқытушы құрамы

Қазіргі уақытта теориялық физика кафедрасында 16 оқытушы, оның ішінде 8 ғылым докторлары және профессорлар, 5 доцент, 3 аға оқытушы және қызметкерлер мен докторанттар жұмыс істейді.

фото
Әбділдин Мейірхан Мүбарақұлы

Физик-теоретик, физика-математика ғылымдарының докторы (1985), профессор (1987), ҚР ҰҒА академигі (2003). С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген (1959). ҚазМУ теориялық физика кафедрасының меңгерушісі (1970-1981, 1986-2008). ҚазМУ ректоры (1988-1991).

Ғылыми зерттеу бағыттары: гравитация және салыстырмалық теориясы, Қазақстандағы «Теориялық физика» іргелі зерттеулер бағыты ұйымдастырушысы, «Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз әсерлесулерді теориялық зерттеу» іргелі зерттеулер бағдарламасы жетекшісі. 200 астам ғылыми еңбектері, үш монография авторы. Ресей гравитациялық қоғамының президиумы мүшесі. «Құрмет» орденімен, «әл-Фараби» алтын медалімен марапатталған.

Қазақстандағы бірінші Д.14/А.01.01 докторлық кеңесі төрағасы; Эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты негізін салушыларының бірі.

Оқыту курстары: Жалпы салыстырмалық теориясы, ЖСТ қозғалыс мәселесі.

фото
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы

Физик-теоретик, физика-математика ғылымдарының докторы (1987), профессор (1989), ҚР ҰҒА академигі (2008). С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген (1967). ҚазМУ теориялық физика кафедрасының меңгерушісі (1981-1986). ҚазҰУ ректоры (2001-2008), Эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты негізін салушыларының бірі. 100 астам ғылыми еңбектері бар. «Парасат» орденімен марапатталған.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Кванттық хромодинамикадағы тордағы стохастикалық кванттау. Оқыту курстары: Кванттық хромодинамика, Кванттық механика.

фото

Әбішев Медеу Ержанұлы,
теориялық физика кафедрасы меңгерушісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітірген (1998). Физика-математика ғылымдарының кандидаты (2001). Физика-математика ғылымдарының докторы (2009). 80 астам ғылыми еңбектері бар.

Ғылыми зерттеу бағыттары: гравитация және салыстырмалық теориясы, релятивтік астрофизика. Оқыту курстары: Математикалық физика әдістері, Релятивтік астрофизика, Теориялық физиканың таңдаулы тараулары.

фото
Бақтыбаев Қырғызбай

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген (1954). Физика-математика ғылымдарының докторы. 200 астам ғылыми еңбектері бар. Қазақ педагогикалық университеті физика-математика факультеті деканы болған. «2009 жыл ең үздік оқытушысы» БҒМ гранты жеңімпазы.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Теориялық ядролық физика, көпбөлшекті ядролық жүйелер кванттық теориясы. Оқыту курстары: Статистикалық физика және термодинамика, Ядро теориясы, Көп денелер кванттық теориясы.

Жүсіпов Марат Әбжанұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы. А.А. Жданов атындағы ЛМУ түлегі (1969). 5 монография авторы, 400 астам ғылыми еңбектері бар. «2009 жыл ең үздік оқытушысы» БҒМ гранты жеңімпазы. 3 ғылым докторлары мен 7 ғылым кандидатын дайындаған.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Теориялық ядролық физика, жеңіл ядролардағы реакциялар.

Оқыту курстары: Ядро теориясы, Шашыраудың кванттық теориясы, Ядро жобалары, Ядролық астрофизика.

фото Мырзағалиев Ғинаят Жұмабайұлы

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген (1955). Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор. 100 астам ғылыми еңбектері бар. 7 оқу-әдістемелік құрал авторы.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Релятивтік космология, релятивтік электродинамика.

Оқыту курстары: Электродинамика, Арнайы салыстырмалық теориясы, Жалпы салыстырмалық теориясы, ЖСТ қосымша тараулары.
фото Имамбеков Оңласын

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. 100 астам ғылыми еңбектері бар. 3 оқулық авторы. «2007 жыл ең үздік оқытушысы» БҒМ гранты жеңімпазы.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы. Оқыту курстары: Физика, Кванттық механика, Ядро теориясына кіріспе.
фото Буркова Наталья Александровна

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. 200 астам ғылыми еңбектері бар.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Фотоядролық реакциялар.

Оқыту курстары: Кванттық механика, Ядро теориясына кіріспе, Шашыраудың кванттық теориясы. Германия, Швейцария, Франция, Чехия, Бельгия, Австрия, Италия, Канада, АҚШ елдерінде білім алмасуда болған.

фото Жақсыбекова Күлән Айтмағамбетқызы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. 100 астам ғылыми еңбектері бар. «2008 жыл ең үздік оқытушысы» БҒМ гранты жеңімпазы.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Фотоядролық реакциялар.

Оқыту курстары: Векторлық тензорлық анализ негіздері, Ядро теориясына кіріспе. Германия, Швейцария, Австрия, Чехия елдерінде білім алмасуда болған.

фото Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы

С.М. Киров ат. ҚазМУ физика факультетін (1988) бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (2004), доцент. 70 астам ғылыми еңбектері бар. Германия, Литва, Ресей және Францияда өткен ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаған. Воллейбол бойынша физика факультеті құрамасы мүшесі.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Жалпы салыстырмалық теориясы, релятивтік планеталық космогония. Оқыту курстары: Теориялық механика, Электродинамика, Математикалық физика әдістері.

фото Белисарова Фарида Бексұлтанқызы

Физика факультеті Ғылыми Кеңесі Ғылыми Хатшысы

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. 30 астам ғылыми еңбектері бар.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Спиндік жүйелер сызықты емес жобалары. Оқыту курстары: Физика, Термодинамика және статистикалық физика, Электродинамика.
фото Мырзағалиева Әлия Ғинаятқызы

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. 30 астам ғылыми еңбектері бар. Шахмат бойынша физика факультеті құрамасы мүшесі.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Жалпы салыстырмалық теориясы. Оқыту курстары: Теориялық механика, Электродинамика.
фото Комаров Андрей Анатольевич

С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. 40 астам ғылыми еңбектері бар. Бадминтон бойынша физика факультеті құрамасы капитаны.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Жалпы салыстырмалық теориясы. Оқыту курстары: Математикалық физика әдістері, Термодинамика және статистикалық физика.

фото Бошқаев Қуантай Әбғазыұлы

Әл Фараби ат. ҚазҰУ бітірген. Теориялық физика бойынша PhD, кафедра аға оқытушысы.

Ғылыми зерттеу бағыттары: Жалпы салыстырмалық теориясы. Оқыту курстары: Математикалық физика әдістері, Электродинамика, Кванттық механика.