ҚазҰУ Webometrics Ranking of World Universities рейтингінде үздік ЖОО болып танылды

3-ақп-23

Көрулер: 3765

Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем бойынша 30 мыңнан астам жоғары оқу орындарының арасында 1816-орынға жайғасты. Сондай-ақ бұл рейтингте ҚазҰУ Қазақстан ЖОО-лары арасында екінші орынды иеленіп, отандық университет сайттарының үздік үштігіне енді.

Webometrics халықаралық рейтингі – бұл интернет-кеңістіктегі жоғары оқу орындарының тиімділігі туралы ақпаратты ұсынатын университеттердің ең ауқымды рейтингі.

Webometrics рейтингі жоғары оқу орындарының сайттарын танымалдылық, ашықтық, артықшылық, жарияланымдарға дәйексөз жасау деңгейі сияқты параметрлер бойынша бағалайды.

Рейтинг сонымен қатар әлемнің үздік университеттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ғылыми мақалалардың дәйексөз индексі индикаторы арқылы бағалайды.

Бұл рейтингтің қорытындысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлемдік ғылыми кеңістіктегі және халықаралық білім беру ортасындағы белсенділігін растайды.

Рейтинг қорытындысымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.webometrics.info/en/asia/kazakstan

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі