Ең үздік мамандар марапатталды

21.12.2021

Көрулер: 4408

ҚазҰУ-дың үздік қызметкерлерін анықтау, оларды әлеуметтік және моральдық қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік маман-2021» байқауы өтті. Сайысты ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы. Биыл бұл сайыстың 10 жылдық алғашқы мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылып отыр.


Кәсіподақ төрағасы Т.Мекебаев жиынды құттықтау сөзбен ашып, жеңімпаздарға құрмет көрсетті. Он жыл ішінде конкурс айтарлықтай өзгерді. Өйткені жеңімпаздарды қазір интернет – технологиялар көмегімен анықтайды. Бірақ басты мақсат ішкі саясат басқармасының үздік өкілдерін таңдау және олардың еңбегін бағалау болып қала бермек.

Байқау барысында бөлімшелер өз үміткері жайлы және оның жетістіктері туралы бейнеролик ұсынды. Кәсіподақтың Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандар ұнаған кандидаттарына дауыс берді.

«Ең үздік маман-2021» конкурсына 16 факультеттің, Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің, Жағдаяттық басқару орталығының, «Қазақ университеті» баспа үйінің, Әл-Фараби кітапханасының, Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің, Ақпарат және коммуникация департаментінің, Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің және Қауіпсіздік басқармасының 27 қызметкері қатысты. 

Олар:

Шолпан Әбішева – биология және биотехнология факультетінің жетекші маманы;

Ақтоты Бекжанова – география және табиғатты пайдалану факультетінің деканат маманы;

Алтынай Сембекова – журналистика факультетінің маманы;

Әлия Полатбекова – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің маманы;

Балжан Нұрғасымова – механика-математика факультетінің маманы;

Әйгерім Бекқожаева – ақпараттық технологиялар факультетінің маманы;

Қарлығаш Күзекбаева – шығыстану факультетінің жетекші маманы;

Толқын Ақмұрзаева – халықаралық қатынастар факультетінің жетекші маманы;

Жадыра Сахиева – физика-техникалық факультеті деканатының жетекші маманы;

Ботагөз Хавилхайрат – химия және химиялық технология факультетінің жетекші маманы;

Гуля Кабашева – заң факультеті деканатының жетекші маманы;

Жұлдыз Елеусізқызы – тарих факультетінің маманы;

Нұрбүбі Өмірқұлова – филология факультетінің маманы;

Жұлдыз Айдарханова – философия және саясаттану факультетінің маманы;

Назира Жұмабаева – экономика және бизнес жоғары мектебінің маманы;

Салтанат Кәрімова – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі медицина факультеті деканатының жетекші маманы;

Эльмира Әбдісаева – қауіпсіздік басқармасының жетекші маманы;

Дәурен Темірбаев – Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының жетекші маманы;

Гауһар Дәулетова – академиялық мәселелер департаментінің жетекші маманы;

Раушан Жексенбаева – Әл-Фараби ғылыми кітапханасының менеджері;

Дүйсенова Кәмила – Ақпарат және коммуникациялар департаментінің сарапшысы;

Перепелица Виктор Иванович – Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің инженері;

Бақытгүл Әділқұрманова – Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің сылақшы-сыршысы;

Сандуғаш Қыдырманова – Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің еден жуушысы;

Халия Қожабекова – Жағдаяттық басқару орталығының жетекші маманы;

Саят Қалиев – «Қазақ университеті» баспа үйінің жетекші маманы;

Гүлдана Қалиева – оркестр жетекшісі.

Қатысушыларға университеттегі жұмыс өтілі, кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындау, университеттің қоғамдық өміріне қатысу, кәсіподақ қызметінде белсенділік таныту секілді талаптар қойылды.

Жеңімпаздар «Парасат» кәсіподағының дипломдарымен және тұрмыстық техника дүкеніне арналған сыйлық карталарымен марапатталды. Сондай-ақ бейнеролигі 964 пікір және 1079 қаралым жинаған Әйгерім Бекқожаева «Көрермендер көзайымы» жүлдесін жеңіп алды.

Барлық қатысушылар «Парасат» кәсіподағына және ҚазҰУ әкімшілігіне керемет сайыс үшін шын жүректен алғыс айтты. Университеттегі еңбек өтілі 17 жылды құрайтын Шолпан Әбішева байқау бұдан да жақсы жұмыс істеуге, жаңа жетістіктерге ұмтылуға ынталандыратынын атап өтті. Журналистика факультетінің өкілі Алтынай Сембекова және Жағдаяттық басқару орталығының қатысушысы Әбдісаева Эльмира өз кандидаттарын ұсынған ұжымға алғыс айтып, «Мұндай байқаулар бізге университеттің игілігі үшін жұмыс істеуге көмектеседі», – деді.

Концерттік нөмірлер, әсіресе, АнельОразбаеваның орындауындағы Л.Хамидидің «Бұлбұл» әні, «Фараби» ұлттық ансамблінің орындауындағы Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйі өте әсерлі болды. Ж.Сартбайдың жетекшілік ететін АРТ орталықтың шығармашылық жұмысы шараны көркейте түсті.

Барлық жеңімпаздарды әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор О.Есеналин құттықтап, марапаттарды табыс етті. Сонымен бірге қатысушыларды ректор кеңесшісі А.Естаев, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, жазушы Нұрғали Ораз, Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің директоры Ақылбек Желдібаев құттықтады.

 

О.Ложникова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің

«Парасат» кәсіподағы төрағасының орынбасары