ҚазҰУ «Web of Science Awards-2020» көшбасшы атанды

25.11.2020

Көрулер: 3039

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards-2020» беделді сыйлығының үш номинациясында үздік атанып, рейтингтік ғылыми басылымдарда қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшылық позициянын растады.

Clarivate Analytics халықаралық компаниясының тәуелсіз сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі онлайн форматта өтті.

«Web of Science» халықаралық ақпараттық-талдау платформасының деректері бойынша ҚазҰУ «Физика» пәні саласында «Web of Science Core Collection жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» марапатына ие болды.

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Әлібек Исахов «Жоғары дәйексөзді қазақстандық автор» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Оның авторлығымен жоғары рейтингті басылымдарында 285-ке тең дәйексөздердің жиынтық санымен 36 мақала жарияланды.

«Қазақстандағы ғылымометрияны дамытуға және ғылыми қызметті бағалауға қосқан үлесі үшін» тәуелсіз марапатына ҚазҰУ-дың физика-химиялық зерттеу әдістері және талдау орталығының директоры, профессор Болат Кеңесов ие болды. Ол «Web of Science Core Collection» (индекс Хирша-14) деректер базасында индекстелетін басылымдарда 37 ғылыми жұмыс жариялады.

Атап өту керек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары рейтингті ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында абсолютті көшбасшы болып табылады. Отандық авторлардың халықаралық дерекқорға кіретін басылымдардағы әрбір бесінші жарияланымы - ҚазҰУ ғалымдарының үлесінде.