Журналистика майталманы Әбілфайыз Ыдырысовқа арналады

18.09.2020

Көрулер: 3768

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі журналист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» атты ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Конференция аясында кітапқұмарлар үшін адалдық сөресі және Әбілфайыз Ыдырысов атындағы оқу-өндірістік аудиториясының салтанатты ашылу рәсімі болды. Шараға Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР СІМ бұрынғы басшысы Ерлан Ыдырысов, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Парламент депутаттары, дипломаттар, белгілі қоғам қайраткерлері, журналистер және ғалымдар мен студенттер қатысты.

Әбілфайыз Ыдырысовтың 90 жылдығына арналған конференция онлайн форматта өтті. Ғалымның шәкірттері мен әріптестері - Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Нұртілеу Иманғалиұлы, Лаура Бағдәулетқызы (Лондон) және басқалар – өз сөздерінде көрнекті қайраткердің қазақстандық баспа басылымдарының дизайнерлік безендірілуіне және журналистиканың дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.  

Белгілі журналист және жазушы Бауыржан Жақып ұстазының алғашқы сабақтары жайында: «Біздің топта 50 адам оқыды, және біз бәріміз газетті дизайнерлік безендірудің құпияларын түсінуге тырыстық. Тақырып қызықты және қиын болды, көптеген таныс емес терминдерді қабылдау қиынға түсті. Қол жетімді ұсынылған материал мен ұстазымыздың талаптарының арқасында топ емтиханды жақсы тапсырды. Оқу кезінде алған дағдылар біздің кәсіби қызметімізде көптеп қажетіне жарады», - деп есіне алды.

Әбілфайыз Ыдырысов «Таңшолпан» романының және сегіз жүз публицистикалық очерктер мен мақалалардың авторы. Оның қаламынан «Очерк журналистика жанры ретінде», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Баспа басылымдарын безендіру» және басқа да пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.

Әбілфайыз Ыдырысов өзінің еңбек жолын республикалық «Қазақстан пионері» балалар газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастаған. Талантының арқасында бірнеше жылдан кейін ол осы баспа басылымының редакторы болды. Ол радиода, республикалық балалар жастар басылымдарында жұмыс істеді. Осы атаулы күнде өздерінің тәлімгері жайлы шәкірттері ол өзінің көп жылдық тәжірибесін шәкірттеріне бере білді деп жылы лебізбен әрі ризашылықпен айтты.  

Конференция соңында Әбілфайыз Ыдырысов атындағы стипендия тағайындалды, оны салтанатты түрде Әбілфайыз Ыдырысовтың ұлы Ерлан Ыдырысов жариялады.

www.kaznu.kz