Қазақстан жазушыларымен онлайн кездесу

27.04.2020

Көрулер: 3527

ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында «Қаламгер келбеті» атты жазушылармен онлайн-кездесу өткізеді. Шара белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Адам Мекебаевтың 80-жылдық мерейтойына арналады.

Онлайн іс-шараға жазушының жұбайы Гүлжәмиля Ескөбек; белгілі жазушы Марал Ысқақбай; филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып; ақын және «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай; белгілі жазушы және журналист Жүсіпбек Қорғасбек; жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ахат Жақсыбаев; ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сансызбай Құттыбаев; әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов қатысады. Сондай-ақ, онлайн-кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары мен зерттеушілері қатысады.

Онлайн байланыс барысында Адам Мекебаевтың өмірі мен қызметі жайлы тың әрі қызықты мәліметтер айтылып, жазушы қаламынан шыққан шығармалар, повестер мен романдары, әдеби-шығармашылық мұрасының маңыздылығы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі сөз етіледі.

Онлайн шара 2020 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-де басталады. Қатысуға ниет білдірушілер https://us02web.zoom.us/j/87503937865 сілтемесімен қосыла алады.