Құнды дәріс

05.03.2020

Көрулер: 3780

Шығыстану факультетінде «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ның басқарушы директоры Н. Жаксыкелдинов «Университетті бітіргенге дейін мен қандай болуым керек» деген тақырыпта студенттерге дәріс оқыды.

Дәріс барысында директор «Бастамашыл болу үшін не істеу керек?», «Жалқаулықты қалай жеңуге болады?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасуына баса мән берді. Жұмыс берушінің түлектің кәсіби құзіреттілігін  анықтауға қатысты пікірі студенттермен қатар оқытушылар үшін де қызықты, әрі маңызды болды. Жұмыс беруші тарапынан студенттерге айналасын қоршаған құрбы-құрдастарына ерекше назар аудару керектігі туралы кеңес берілді. Оның айтуынша достарыңыз оқуға кедергі келтіретін болса, ондай адамдармен қарым-қатынасты шектеп, мүмкіндігінше білімін одан әрі тереңдетуге тырысатын адамдармен тілдескен дұрыс, содан кейін сіздің де біліміңіз артып, алған біліміңіз жұмыс дағдысына айналады деген бірқатар ұсыныстар жасады. Сонымен қатар ол өзіңізді жоғары бағалап, бірден үлкен жалақы туралы армандаудың қажеті жоқ, ең алдымен, түлектерге жұмысқа тұру және тәжірибе жинау өте маңызды болып табылатындығына мән беру қажеттігін ескертті. Дәріс барысында студенттер жұмысқа тұру барысында кездесетін нақты қиындықтарды қалай жеңу қажеттігін үйренді.

www.kaznu.kz