Алмастырылмайтын «Параграф»

21.01.2020

Көрулер: 3761

«Параграф» ақпараттық жүйесі мамандарды даярлау үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қолданылатын болады. Ғылыми кеңес отырысында еліміздің жетекші университетінің ректоры, академик Ғалым Мұтанов пен «ИнфоТехСервис» компаниясының бас директоры Маргарита Шмидт ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қонақтарды қарсы ала отырып, ректор Ғ. Мұтанов білім беру үдерісіне заманауи сандық технологияларды енгізу университет қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. «Параграф» ақпараттық жүйесінің (АЖ) ресурстарына тегін қол жеткізуге мүмкіндік беретін «ИнфоТехСервисй компаниясымен жасалған әріптестік ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жоғары білікті мамандарды дайындауда ЖОО мен бизнестің коллоборациясының жақсы үлгісі. Осылайша, компания еліміздің жоғары білімін дамытуға өзінің нақты үлесін қосуда.

Қазіргі уақытта мамандарды даярлау деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Жоғары оқу орындарының түлектері практикада алған теориялық білімдері мен кәсіби құзыреттіліктерін, оның ішінде өзінің еңбек қызметін тиімді іске асырудың қажетті құралдары ретінде қазіргі заманғы технологиялар мен ақпарат көздерін пайдалана білуі тиіс.

Мұндай мүмкіндіктерді Қазақстан Республикасының, сондай-ақ жақын шетелдердің барлық нормативтік құқықтық актілері қордаланған «Параграф» АЖ ұсынуда. Оны пайдалану арқылы тәжірибелік-қолданудың кең спектріне, түсіндіру және ғылыми ақпараттың, құқық саласындағы жетекші сарапшылар мен мамандардың тәжірибесіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Сөз жоқ «Параграф» ақпараттық жүйесі - студенттердің, жас ғалымдар мен оқытушылардың дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, оларға ел заңнамасындағы соңғы өзгерістерден хабардар болуға, құқық саласындағы көптеген бағыттар бойынша зерттеуді тиімді жүргізуге мүмкіндік береді», – деп есептейді ҚазҰУ-дың заң факультетінің деканы, з.ғ. д., профессор Дәулет Байдельдинов.

«ЮрИнфо» компаниясының бас директоры Михаил Коломин атап өткендей, «Параграф» АЖ ерекшелігі оның көп функцияналдығынды. Оған тек заңнамалық база ғана емес, сонымен қатар толық, өзекті және дұрыс құқықтық ақпарат, оқыту мен біліктілігін арттыруға қажетті материалдар, белгілі заңгерлер мен ғалымдардың сараптамалық пікірлері енгізілген.

Тараптар келісім шеңберінде «Параграф» ақпараттық жүйесі пікірталас алаңы ретінде, сондай-ақ ғылыми конференциялардың материалдарын жариялау, студенттер мен оқытушылардың тәжірибесі мен тағылымдамаларын ұйымдастыру және өткізу, белгілі заңгерлердің кеңестері үшін пайдаланылатын болады деп келісті.

www.kaznu.kz