Араб әлемі жақындай түсуде

26.11.2019

Көрулер: 3518

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет саласындағы байланыстары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды шараны ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті және Король Абдулла ибн Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» (Сауд Арабиясы) ұйымдастырды.

Адамзатттың  ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, ҚазҰУ-дың 85 және шығыстану факультетінің 30 жылдығына арналған конференцияға белгілі ғалымдар мен сарапшылар, Араб және Орталық Азия мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҚМДБ өкілдері, араб тілі оқытушылары және Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Пленарлық отырысты ашқан ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре барлық қатысушылар мен қонақтарды конференцияның басталуымен және мерейтойлық шаралармен құттықтады. Ол факультеттің шығыстану ғылымын дамыту  және араб тілін үйрету саласындағы  жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі екендігін атап өтті. Шығыстану факультетінің түлектері мен ғалымдары тек Қазақстанда ғана емес, алыс шетелде де танымал. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» және «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға оқытушылар мен студенттер үлестері айтарлықтай екенін де тілге тиек етті.

Отандық шығыстанудың негізін қалаушы, факультеттің алғашқы деканы, академик Әбсаттар Дербісәлі конференцияға қатысушыларға және шетелдік әріптестерге лебізін жеткізіп, ҚазҰУ ұжымын айтулы даталармен құттықтады. Ол шығыстану факультетінің құрылу тарихына шолу жасады, көрнекті шығыс ойшылы Әбу Наср әл-Фарабидің өркениет дамуындағы рөлі, идеялар құндылығының қазіргі заманда да өзектілігі мен маңыздылығы арта түскенін айтты. Сондай-ақ, ол ҚазҰУ шығыстанушы ғалымдары жинақтаған білім, ілімдерін кейінгі ұрпаққа, яғни жас ғалымдар мен студенттерге бере отырып, тарихи сабақтастықты сақтап келе жатқанын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, сөз соңында факультеттің қазіргі деканы Ықтияр Палтөре мен оқытушыларға конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Іс-шараға қатысушылар шығыстану ғылымын дамытудың өзекті мәселелерін, Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тарихи, мәдени, ғылыми, білім беру және діни салалардағы байланыстарын талқылады. Конференция барысында араб тілін оқыту мәселелері бойынша сындарлы диалог пен пікір алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, келесі жылы атап өтілетін Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға қатысу сияқты мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Пленарлық мәжілісте және секциялық отырыста Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шахат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди, Король Абдулла ибн Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы»  профессорлары  Бандар ибн Абдул Азиз ибн Фаһд әл-Ғумаиз,  Махмуд ибн Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд, Абду әр-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан әс-Сулами,  Абдулла ибн Ибраһим ибн Осман әл-Хақил, Абдулла ибн Руфуд ибн Рафид әс-Суфиани, Өзбекстан Республикасының ҚР-дағы  Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Тәжікстан Республикасының ҚР-дағы Бас консулы Баходур Назир, ЕАР мәдени атташесі Ранда Ризқ Махмуд, ҚМДБ Бас муфтиінің кеңесшісі Алсабеков Мухаммад-Хусайн Усманұлы, Орталық мемлекеттік мұрағат директорының орынбасары Жылысбаева Мәрзия және басқа да ғалымдар ғылыми баяндамаларын оқып, ойларымен бөлісті.

Конференцияда «Орталық мемлекеттік архивтың құнды қолжазбалары» көрмесі мен араб каллиграфиясы туындыларының көрмесі ұйымдастыры

 

www.kaznu.kz