«Робототехникалық жүйелер»

05.11.2019

Көрулер: 3222

«Механика кафедрасы күндері» шарасы аясында №6 Студенттер үйінде жаңадан ашылған «Робототехникалық жүйелер» мамандығы туралы ашық дәріс сабағы өтті.

Дәрісті механика-математика факультеті механика кафедрасының профессор м.а., «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының координаторы Жадыра Жумашева және механика кафедрасының оқытушысы Б. Сағитжанов өткізді.

Биыл Қазақстанда алғаш рет ҚазҰУ-дың механика кафедрасының базасында «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасы (бакалавриат, магистратура) ашылды.  

Қазіргі уақытта робототехника XXI - ғасырда мемлекеттің ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және қорғаныс әлеуетін айқындайтын ғылымды, техника мен технологияны дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Дәріскерлер "Робототехникалық жүйелер" мамандығының қазіргі заманда кең сұранысқа ие болып отырғандығын және нағыз болашақтың мамандығы екендігін айта келе, "Робототехникалық жүйелер" - механика, ақпараттық жүйелер және электроника салаларын тоғыстыратын пәнаралық мамандық болып табылатындығын да жеткізді.

Дәріс соңында механика кафедрасының студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Атап айтсақ, «Ақылды қолғап» жобасын Убайдуллаев Бауыржан, «KazRoboBot» бойынша Дәуіт Ділдәбек, «Delta Robot» жобасын Алтынбек Жармұхамет қорғап шықты.

www.kaznu.kz