Ақпаратқа қол жетімділік

28.09.2019

Көрулер: 3295

Алматыдағы БҰҰ ғимаратында Халықаралық ақпаратқа жалпыға қолжетімдік күніне арналған «Ақпаратқа қол жетімділік: академиялық ықпалды күшейту» І Орталықазиялық журналистика семинары өтті.

ЮНЕСКО 2015 жылғы 17 қарашадағы шешіміне байланысты (38С/70) 28 қыркүйек Халықаралық ақпаратқа жалпыға қол жетімділік күні болып жарияланды. Бұл Халықаралық күн қоғамның ақпаратқа қол жетімділігі мен арнайы бостандықтарды қорғауды талап ететін 2030 тұрақты даму тәртібін, атап айтқанда, 16.10 Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда ерекше маңызға ие.

Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ақпаратқа қол жетімділіктің маңыздылығына назар аударуға арналған шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да Орталық Азия мемлекеттерінен келген ғалымдар мен университет студенттері қатысты. Семинар БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесе ұйымдастырды. Жиынға жиналғандар халықтың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, тұрақты даму мақсаттары үшін журналистік білім беру, ақпаратқа қол жетімділік, Орта Азия елдерінің заңдарына шолу секілді негізгі бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар шараға арнайы шақырылған Сидней университетінің БАҚ және коммуникациялар департаментінің қызметкері, австралиялық ғалым Беате Джозефи болашақ журналистердің алдында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.

www.kaznu.kz