«Фарабитану» оқу құралы шықты

26.09.2019

Көрулер: 3703

«Қазақ университеті» баспасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаевтың редакциясымен Шығыстың ұлы ойшылының 1150 жылдығына арналған «Фарабитану» оқу құралы жарыққа шықты.

Кітапта әлемдік өркениеттің көрнекті ойшылының философиялық мұрасындағы терең өмірлік даналықты, гуманизм мен энциклопедиялық ғылыми білімді қарастырады.

Бұл еңбекте Әл-Фарабидің дүниетанымын қалыптастырған тарихи жағдай, ол отандық философиялық ғылыми ойға ғана емес, мұсылман және еуропалық өркениетке қандай үлес қосқаны туралы егжей-тегжейлі айтылады.

Оқу құралы бакалаврларға, магистранттар мен PhD докторанттарға, сондай-ақ әл-Фарабидің философиялық мұрасына қызығушылық танытқан оқырмандар мен ғалымдарға арналған.

www.kaznu.kz