Мектепке жол

01.08.2019

Көрулер: 4060

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп, болашақ бірінші сынып оқушыларына сөмкелер мен мектепке қажетті керек-жарақтар табыс етті.

Мұндай акция университет әкімшілігі мен кәсіподағының бастамасымен үшінші жыл өткізіліп, жақсы дәстүрге айналған. Биыл балалары бірінші сыныпқа баратын көмекке мұқтаж қызметкерлерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге кәсіподақ 1,5 млн.теңге бөлді. 200 – ден астам бірінші сынып оқушылары сөмке, дәптер, қалам-қарындаш, акварельді бояулар, сурет салуға арналған альбомдар және басқа да мектепке қажетті керек-жарақтар алды. Сонымен қатар, кәсіподақ жазғы кезеңде мектеп лагерьлеріне жолдама алуға 800 мың теңге бөлді.

Айта кету керек, өткен оқу жылында ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы университет қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуге 7,2 теңгеден астам қаржы және санаториялық-курорттық емделуді дотациялауға 12 млн.теңге жұмсады.

www.kaznu.kz