Жас ғалымдар қатары толықты

31.07.2019

Көрулер: 4487

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында жас ғалымдар өз жұмыстарын қорғады.

«Шығыс және Батыс медиа үдерісі: дәстүр, контент және конвергенция (салыстырмалы талдау)» атты тақырыпта Зарина Буенбаева қорғаса, «ХХ ғасыр басындағы қазақ көсемсөзі: ұлттық дүниетаным және "Дала" концепті» Құралай Мукушева және «Әлемдік коммуникация желісіндегі қоғамдық дипломатия» Айгерім Тасилова мен «Қазақ ақын-жазушыларының тәуелсіздік жылдарындағы көсемсөзі» тақырыпта Гаухар Жұмабекова орындаған докторлық зерттеулер сарапшылардан оң бағасын алып, «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Түлектер биылғы оқу жылын жақсы нәтижелермен тәмамдады.
PhD докторантураға талапкерлерден құжаттар қабылдау 2019 жылдың 5 тамызына дейін жалғасады.

www.kaznu.kz