Халықаралық ынтымақтастық

05.07.2019

Көрулер: 3016

2019 жылғы 10 – 14 маусым аралығы кезеңінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ядролық физика институтының базасында Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, атом өнеркәсібі қызметкерлеріне арналған «Environment radioactivity monitoring-2019» біліктілікті арттыру курстары өтті. Курс бағдарламасы ядролық физика, атом энергетикасы, радиохимия және радиоэкология саласындағы базалық білімді қамтиды.

М. Склодовская-Кюри атындағы радиациялық экология зертханасының қызметкерлері Ш.Н. Назарқұлова, И.В. Матвеева, Б.С. Сатыбалдиев, Е.Ю. Яровая, Н.А.Нурсапина,Т.Б. Абишев және ядролық физика институтының қызметкерлері М.В. Красноперова, М.С. Мухортов, Д.С. Ким, Ж.К. Керімқұлов, сондай-ақ Жапониядан шақырылған мамандар Нобуо Шинохара мен Масанори Такеясу курс дәрістерін оқыды.

Курс сәтті аяқталғаннан кейін қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.

www.kaznu.kz