Кореяның бірігуі – деректер және болашағы

27.05.2019

Көрулер: 3571

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Стратегиялық зерттеулерді дамыту Халықаралық орталығы және Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігінің қолдауымен Кореяның бейбіт және демократиялық бірігуі бойынша Ортаазиялық өкілдігінің Консультативтік кеңесі бірлесіп өткізген «Кореяның бірігуі – деректер және болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстелі аяқталды. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Су, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Жаңа Зеландия және Корея Республикасы сарапшыларының қатысуы кездесудің аса маңыздылығын көрсетті.

Дөңгелек үстел барысында Солтүстік және Оңтүстік Кореяны бейбіт біріктірудің өзекті мәселелері мен болашағы талқыланды, Корей түбегіндегі геосаяси үдерістерге баға берілді, екі ел арасындағы қарым-қатынас жағдайы олардың интеграциялық перспективалары аясында қаралып, шолу жасалды, сондай-ақ екі Кореяның бірігу ықпалына байланысты аймақтық ахуалға болжам ұсынылды.

Өз сөзінде Бас консул Ким Хынг Су Солтүстік және Оңтүстік Кореяның бірігу үдерісіндегі бейбіт және демократиялық сипаттың маңыздылығы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қажетті элементі ретінде екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар, Бас консул Қазақстанға екі елдің бірігуінің бейбіт процесіне қолдау көрсетіп отырған ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Өкілдік басшысы Ли Джи Ван Корея қоғамының интеграциясы барысында Қазақстанның ғылыми шеңберінің аса маңызды рөлін атап өтті. Сонымен бірге, екі Корея арасындағы диалогты құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және басқа да жобаларды өзара жүзеге асыруда ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Стратегиялық зерттеулерді дамыту Халықаралық орталығының Бас директоры Нұржан Нұрахметов Корей түбегіндегі бейбітшілікті орнатуға және екі елдің бірігуіне ықпал ететін үдерістер шеңберінде Қазақстан мен Кореяның ғылыми топтарының ынтымақтастығын күшейтудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалды.

www.kaznu.kz