Карадениз техникалық университетінің профессоры ҚазҰУ-ға шақырылды

17.04.2019

Көрулер: 2696

Биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Болатхан Заяданның шақыруымен биотехнология кафедрасында Карадениз техникалық университетінің профессоры Демирбаг Зихни (Түркия) докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқыды.

Профессор Демирбаг Зихни Трабзон қаласындағы Карадениз техникалық университетінің молекулалық биология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ол молекулалық биотехнология саласының маманы және әлемге танымал атақты ғалым. Оның ғылыми бағыты вирустар мен саңырауқұлақтардың бунақденелілердің клеткаларымен өзара қатынасын зерттеу жұмыстарымен тікелей байланысты. Профессор Демирбаг Зихни студенттер, магистранттар және докторанттарға дәріс оқу мақсатында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Карадениз техникалық университетінің қарым-қатынасын қалыстастыру тұрғысында шетелдің профессорларды шақыру бағдарламасы бойынша шақырылды. Сонымен қатар, ол студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық «Фараби әлемі» конференциясына халықаралық баяндамашы ретінде қатысты. Оның «Бунақденелілерге нейротоксин бөлу қабілеті бар Chilo құбылмалы вирусының инсектицидтік белсенділігін арттыру» тақырыбындағы баяндамасы гендік инженериямен байланысты және негізгі жұмыстары токсикалық генді Chilo құбылмалы вирусына (CIV) еңгізу арқылы бізтұмсық тәрізді әр түрлі бунақденелілер-зақымдаушылармен күресу шараларына бағытталған.

 

www.kaznu.kz