VI Фараби оқулары басталды

02.04.2019

Көрулер: 3491

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI Халықаралық Фараби оқулары басталды. Салтанатты ашылу Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткішіне гүл қоюдан басталды.

Халықаралық форум жұмысына белгілі шетелдік және отандық ғалымдар, таяу және алыс шетел сарапшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР СІМ және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Конференция жұмысын дәстүрлі түрде ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің өзектілігі мен тереңдігін атап өтті.

Әл-Фараби - Әл-Мәдина әл-фадилдің идеясына сәйкес – тамаша қоғамда бірінші орында білім беру мен тәрбиелеу тұр. Мұндай қоғамда барлық құрылымдық компоненттер өзара байланысты, өзара әрекеттеседі, ал адамдар бір-біріне көмектеседі. Әл-Фарабидің тамаша қоғамы – болашақтың смарт-қоғамының мінсіз үлгісі.

«Тұжырымдамалық түрде біз әлемді неғұрлым жетілдірілген, әл-Фарабидің Қайырымды қоғамына, ақырында жақын болашақта смарт-қоғам құруға ұмтылған ежелгі грек ойшылдарының идеалды қоғамынан шығамыз. Университеттер басқа әлеуметтік институттармен салыстыра қарағанда зияткерлік әлеуетке, қоғамдық мәртебеге және ықпал ету дәрежесіне ие. Әл-Фарабидің ізгілік қоғамының гуманистік тұжырымдамасы «Al-Farabi University-Smart City» жобасында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Онда ғылыми технологиялар мен рухани-адамгершілік мәдениетті дамыту шоғырланған», - деп атап өтті ҚазҰУ ректоры.        

Осы тұрғыда ҚазҰУ-да әзірленген жаңа буын университетінің 4.0 моделін атап өткен жөн. Онда төрт миссия біріктірілген: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік.  

ҚазҰУ университеті БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабы бола отырып, жоба аясында БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсымен бірлесе отырып, «Ізгілікті қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» болып табылады. Ол әлемнің барлық университеттерінің рухани әлеуетін біріктіруге бағытталған және университеттердің серіктестік желісін құруға негіз болды.

Алты жыл ішінде Фараби оқулары кең халықаралық танымалдылыққа және әлемдік жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдастықтың арасында зор беделге ие болды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге қосқан елеулі үлесі үшін форумның кейбір қатысушылары ҚазҰУ-дың мерейтойлық алтын медальдарымен марапатталды. Олар әл-Фараби мұрасын зерттеу бойынша 20 ғылыми еңбектің авторы, Ұлудаг университетінің профессоры Яшар Айдынлы және 240 ғылыми жұмыстың авторы, философия ғылымдарының докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының философия және фарабтану бөлімінің меңгерушісі Ғалия Құрманғалиева.

ҚазҰУ-дың 85 жылдық мерейтойына орай VI Фараби оқулары аясында ғылымның түрлі салалары бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік онлайн-конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» Халықаралық конференциясы, Инновациялық жобалар конкурсы, Ғылым күні өтеді.

www.kaznu.kz