ҚазҰУ-дағы «Elsevier» күні

18.03.2019

Көрулер: 3330

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанда алғаш рет «Elsevier Day» - «Scopus» басылымдарында жарияланым белсенділігі бойынша арнайы семинар өткізді.

«Elsevier» өкілдері семинарға қатысушыларды компанияның қызметімен таныстырды, жоғары рейтингті ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау, оларды «Scopus» деректер базасында жылжыту мәселелерін талқылады, сонымен қатар тәжірибелік ұсыныстар берді, соның ішінде материалдарды «жалған» басылымдарда орналастырудан қалай құтылуға болатындығы туралы да кеңес берді. Кездесу барысында "Mendeley" платформасын және басқа да зияткерлік ресурстарды пайдалану, арнайы әдеби шолу жасау және т.б. тақырыптар қозғалды.

Іс-шараны ашқан ҚазҰУ-дың бірінші проекторы, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев шараның, әсіресе жас ғалымдар мен докторанттар үшін маңызды екендігін жеткізді. «Семинарды өткізу ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, олардың жоғары импакт-факторлы және дәйексөзді журналдарда жарияланым белсенділігін арттыруға, сондай-ақ ғылыми материалдарды дайындау сапасын арттыруға бағытталған», - деп атап өтті проректор.

Орталық Азия мен Әзірбайжан бойынша «Elsevier» аймақтық директоры Әлия Оспанова қатысушыларды әлемдегі жетекші ғылыми баспа агенттігінің қызметімен және ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға әрі оларды дайындау кезіндегі жұмыстың өнімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі тәсілдерімен таныстырды. «Elsevier» ұсынатын қызметтер ішіндегі «ScienceDirect» жайындағы ақпаратпен және «Scopus» деректер базасымен жұмыс туралы құнды мәліметтермен бөлісті.

«Elsevier» - жыл сайын ғылыми журналдардағы барлық жарияланымдардың төрттен бір бөлігін шығаратын әлемнің төрт ірі ғылыми баспа үйінің бірі.

 

www. kaznu.kz