ҚХА сарапшылары алдындағы жаңа міндеттер

15.03.2019

Көрулер: 3218

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығы ғалымдарымен және Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының мүшелерімен кездесті.

Іс-шараға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары, ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының мүшелері, Ассамблея кафедраларының басшылары, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар қатысты.

Жансейіт Түймебаев өз сөзінде университет негізінде Ассамблея үшін маңызды іс-шараларды өткізгені үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға алғысын білдірді.

ҚХА Төрағасының орынбасары күн тәртібін ескере отырып, әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру үдерістеріне байланысын қалыптастыру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуге ҚХА ғылыми-сараптамалық құрамын тартудың маңызды болып табылатынын атап өтті.

Жансейіт Түймебаев ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің негізгі міндеттеріне тоқталды. Атап айтқанда, ҚХА ҒСК және ҒСТ мүшелерінің  қызметінің болашақтағы екі бағытын ерекше атап өтті. Ең алдымен, ғылыми қауымдастық оқиғалардың даму үрдісін болжап, шұғыл жұмыс істеуге, кемшіліктерді байқап, келеңсіз жайлардың  алдын алуға тиіс. Екінші бағыт – ҚХА жұмысын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Ол үшін проблемалық мәселелер бойынша әлеуметтік ғылымға негізделген зерттеулер, оның ішінде әлеуметтік өлшемдер негізінде жасалған зерттеулер қажет екендігін атап өтті.

ҚазҰУ ректоры «Қазақстанның басты ұраны – бұл қоғамдық келісім мен тұрақтылық, мәдениетаралық диалог. Аталмыш модель бүгінгі күні этносаралық және конфессияаралық қақтығыстарға тап болған көптеген елдер үшін үлгі болып табылады. Осы орайда ҚазҰУ-да құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – университет кафедраларының қоғамдық келісім және қауымдық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, жалпыұлттық саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-білім беру және тәрбие қызметін атқару болып табылатындығын ерекше атап өткім келеді», - деді Ғ. Мұтанов.

Философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимова «Факультет академиялық және ғылыми-зерттеу саласындағы этномәдени орталықтармен және дипломатиялық өкілдіктермен белсенді жұмыс жасайды. Бүгінгі кітап көрмесінде диаспорология, конфессияаралық келісім, этнополитика, этнопедагогика және этнопсихология бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылып отыр. Сонымен қатар Университет 4.0 жобасының мақсаты – білім мен қатар рухани байлық, адамгершілік, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет сынды қасиеттерді студенттердің бойларына сіңіруге бағытталғанын ерекше айтқым келеді», - деді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі, ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру (тәрбие) орталығының директоры Гүлнар Насимова жиын жайында «Университет жанындағы 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан аталмыш орталық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы кафедраларының базасында жұмыс істейді. Орталық монографиялар шығарылымы мен оқу жұмысы, жаңа пәндер әзірленіп оның оқытылуы сынды бағыттар бойынша жұмыс істейді Сонымен қатар Биыл біздің университетте "Конфликтология" жаңа мамандығы ашылды. Бір жылдан кейін алғашқы кәсіби конфликтологтар, медиаторлар ҚХА құрылымдарында жұмыс істейді деп ойлаймыз. Университет мақсат ол білімді әрі білікті маман даярлау», - деді.

 

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz