Қоғамдық кеңес

14.03.2019

Көрулер: 2917

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ж. Жиембаев атындағы қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты мен Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен қоғамдық кеңес өтті.

Аталмыш кездесуде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Технопарк аумағын аббаттандыру мен алма бағын құру барысы талқыланды. Қоғамдық кеңеске ҚазҰУ-дың экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры Хакімжан Малаев, Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтынан бас жобалаушы Анна Королева мен б.ғ.к орман және жасыл желектерді қорғау жөніндегі маман Нұржан Мұхамедиев қатысты. Және де Алматы қалалық атқарушы органдары мен қоғам белсенділері өз пікірлерін айтты.

ҚазҰУ аумағындағы ағаштарға жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша 12 мың түп ағаштың 115 ағашы апатты жағдайға байланысты санитарлық қырқуды қажет етеді. Сондай-ақ жасыл желектердің орман патологиялық жағдайын жақсарту үшін биологиялық препараттарды қолдана отырып өңдеу жүргізу керектігі айтылды.

Технопарк алдындағы аумақты абаттандыру, сәндік бұталар мен қатар Алматы қаласының имиджін қолдау мақсатында 280 жуық апорт алмасы және басқа да жеміс ағаштары отырғызылады.

ҚазҰУ-дың экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры Хакімжан Малаев «Аталмыш жоба UI Green Metric Ranking of World Universities» жобасын жүзеге асыру биология, медицина факультетінің студенттері үшін тәжірибе жинақтайтын орын санын кеңейтіп арттыруға өз үлесін қосатын жоба»,-деді.

 

 

www.kaznu.kz