Жетістік формуласы

21-ақп-19

Көрулер: 4471

Корей және басқа да шет тілдерін оқитын студенттерге арналған көшбасшылық дәрістегі жетістік формуласы туралы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың корейтану орталығының директоры Герман Николаевич Ким көпшілік қауыммен бөлісті.

Профессор Г. Ким Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болып табылады, ол бірнеше тілді еркін меңгерген және әлемнің көптеген университеттерінде шақырылған профессор ретінде дәріс оқиды. Сонымен қатар Г. Ким тарих ғылымдарының докторы, Конгук университеті тарих кафедрасының профессоры (Сеул қ, О. Корея), Қазақстан корейлер Ассоциациясының вице-президенті.

Шығыстану факультетінде өткен аталмыш кездесу барысында профессор көшбасшылықты дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және мансаптық өсу тақырыбын тереңірек қозғап, оның бағыттарын көрсетті. Сонымен қатар, ол өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Профессор Г. Ким шет тілдерді меңгеру табысты мансап құруға басымдық беретінін атап өтті. Сондықтан тілді меңгеру деңгейін арттыру және ілеспе аудармаларға үлкен мән беру керектігін айтты. Ол студенттерге әйгілі Венгр аудармашысы, полиглот және жазушы, әлемнің көптеген тілдерін еркін меңгерген Като Ломбтың «Мен шет тілдерін қалай оқимын» атты кітабын оқуға кеңес берді.

«Като Ломб У=В+И сияқты формуласы бар, бұл қарапайым формула арқылы шығарылады. Кез келген тілді үйрену барысындағы жетістік ол жұмсалған уақыт пен қызығушылықтың сомасына тең екендігін көрсетеді. Ал менің формулам У=ВхМ, яғни табыс мотивацияға аз уақыт тәуелді, егер құрамдастардың бірі нөлге тең болса, онда қорытынды да соған сәйкес болмақ» - деп өз пікірімен бөлісті.

Кездесу соңында студенттер жеке тұлғалық дамуы мен мансаптық өсу, шет тілдерін үйрену, аударма қызметінің ерекшеліктері мен қиындығы туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзінің ерекше әрі қызықты тәжірибесімен бөліскен қонаққа ыстық ықылас білдіріп, алғыстарын айтты.

 

https://www.youtube.com/watch?v=-fygZ4HdwDA&t=1s

Шығыстану факультеті

www.kaznu.kz