ҚазҰУ-ға іс-сапармен Малайзия технологиялық университетінің делегациясы келді

04.08.2010

Көрулер: 2827

2010 ж. 28 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға іс-сапармен Малайзия технологиялық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында халықаралық байланыс және академиялық сұрақтар бойынша проректордың орынбасары профессор, д-р Мохд Азрая Касим; академиялық маркетинг жөніндегі директор орынбасары доцент, д-р Нордин Яхайя болды. ҚазҰУ тарапынан оқу жөніндегі проректор Орынханов М., халықаралық ынтымақтастық департаментінің директор қ.а. Болатхан М., биология факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ережепов А. қатысты.

Кездесу шеңберінде университетер арасындағы екіжақты байланысты дамыту, болашақта студенттермен алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігі, білім беру саласындағы әріптестік және халықаралық зерттеу орталықтарын ашу жоспарлары талқыланды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі