Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ШЫҰ-ның басты университеті: қазіргі жағдайы және болашағы

21.07.2010

Көрулер: 2914

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы қызметінің басты бағыты (ШЫҰ) – ШЫҰ мүшелері үкіметтерінің өзара арнайы Келісімі аясында дамып жатқан білім саласындағы әріптестікті нығайту. Мұнда білім саласы бойынша тәжірибе алмасу, интеграциялық үдеріс негізінде қолдау мен даму, мемлекеттік үлгідегі құжаттарды дайындау т.б. қызметтер бойынша ШЫҰ мүшелерімен тығыз байланыс орнату алға қойылған.

Білім саласында туындаған сауалдардың шешімін табу үшін Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеті құрылды. Бұл университеттің басты мақсаты – ШЫҰ елдері бойынша жоғары сұранысқа ие бес сала бойынша: аймақтану, энергетика, экология, нанотехнология, IT-технология саласында жаңа мамандар буынын даярлау.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ШЫҰУ негізінде экология, нанотехнология, аймақтану сияқты үш бағыт бойынша басты университет болып таңдалып алынды. Қазақстан Республикасындағы экология бағытында білім беру бағдарламасы бойынша ҚазҰУ үйлестіруші жоғары оқу орны болып табылады.

ШЫҰ жобасына қатысу университет үшін тұтас білім кеңістігіне қосар зор үлес, үздік ұлттық дәстүр және әлемдік стандарттар талаптарынан шығу болып саналады.

26 сәуір 2010 жыл Мәскеу қаласында ҚазҰУ мен Шанхай Ынтымақтастық ұйымы әріптестері арасында (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, және Ресей сияқты елдердің 53 университеті) Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университетін құру жөніндегі және екі жақты және көп жақты келісім бойынша ҚазҰУ мен әріптес университеттер арасында біріккен магистрлік бағдарлама дайындау жөніндегі келісімге қол қойған болатын.

ШЫҰУ бағдарламасы біздің университеттің ғалымдары мен шетелдік әріптестердің қатысуымен жүзеге асатын ашық ұйым беделіне ие.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университетінің жұмысын жоспарлап, бағдарламаларды жүзеге асыратын Оқу орталығы жасалынды.

2010-2011 оқу жылдары ШЫҰ университетіне алғашқы магистранттар қабылдана бастайды.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент