«Data-журналистика» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
08.04.2022Ұлттық баспасөз бен жаңа медиа нарығындағы технологиялық, коммуникативтік алаңдардың интеграциясы сапалы журналистік өнім даярлайтын мамандарды талап етеді. Нарықтағы осы сұраныс пен жұмыс берушілердің талабына сәйкес, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Data-журналистика» инновациялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.






