Варшава университетімен келісім жасалады

06.04.2022

Көрулер: 2795

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Варшава университетінің саяси ғылымдар және халықаралық зерттеулер факультетінің деканы, профессор Даниель Пжастэк бастаған делегация келді. Жұмыс сапары аясында поляк делегациясының ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры міндетін атқарушы  Әлия Масалимовамен кездесуі өтті.


Проректор м.а. Әлия Масалимова атап өткендей, Қазақстанда ғылымды дамыту, жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және орталықтармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне өту үшін ҚазҰУ жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға үлкен көңіл бөледі. ҚазҰУ-дың шетелдік серіктес университеттері арасында Польшаның Варшава университеті, Адам Мицкевич атындағы университет, Торунадағы Николай Коперник университеті және т.б. бар.

Бүгінде келісімдер шеңберінде бірқатар білім беру бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жобалар іске асырылуда. Мысалы, химия және химиялық технология факультетінде Мария Склодовская-Кюри атындағы зертхана (екі түрлі салада Нобель сыйлығына ие болған тарихтағы жалғыз әйел) сәтті жұмыс істеуде.  2018-2022 оқу жылдарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚазҰУ-дың 150-ден астам студенті мен магистранты Польшаның түрлі университеттерінде білім алып, тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ 44 докторант ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

"Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында ҚазҰУ-ға жыл сайын шетелдердің жетекші профессорлары мен ғалымдары, соның ішінде Польшадан PhD докторанттарына дәріс оқып,  ғылыми жетекшілік жасау үшін келеді". Өз кезегінде профессор Даниель Пжастэк ЖОО өкілдеріне жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, өзінің факультеті мен Варшава университетінің қызметі туралы баяндап берді. Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, университеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Польша делегациясы әріптестікті дамытуға және жемісті ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екендерін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Варшава университеті арасында студенттер алмасу туралы келісімге қол қойды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі