Жаңалықтар

Қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қосамын

06.09.2022

Әрбір адамның алдында ең негізгі шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау мәселесі тұрады. Себебі білімі, студенттік өмірі – бәрі дәл сол оқу орнына байланысты. Ал менің таңдауым арманымдағы білім ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды

05.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Бұйрығымен белгілі журналист, талантты қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты Нұржан Қуантайұлы журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТЕ БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ ОРНАЙДЫ

05.09.2022

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да түркология жаңалықтары талқыланды

03.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Номгон мемориалдық кешенін тапқан экспедиция мүшелері – Халықаралық түркі академиясының ғылыми қызметкері Нәпіл Бәзілхан мен Моңғолия Ғылым академиясы Тарих археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Алтангэрэлийн Энхтөрдің қатысуымен «Құтлық қаған жазуы – ғасыр жаңалығы» атты ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

КОНСТИТУЦИЯ – ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТІРЕГІ

03.09.2022

1995 жылы 30 тамызда ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы Ата Заңын қабылдап, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алды. Бұл – тұрақты саяси дамуды, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономиканы қалыптастыруды ұстанған өркениетті Қазақстан мемлекетін қалыптастырудың маңызды кезеңі.

Ары қарай оқу >>

Білім күніндегі алғашқы дәрістер өтті

01.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алушыларға есігін айқара ашты. Білім күні барлық факультеттерде 1-курс студенттеріне арналған көшбасшылық дәрістер өткізіліп, белгілі ғалым-профессорлар тәжірибелерімен бөлісті.

Ары қарай оқу >>