Апталық дайджест 20.10.2008 - 27.10.2008
03.11.2008- ҚазҰУ түлектері туралы материалдар.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ректорға сауалыңды қой!» - деген ұранмен шара өтіп жатыр. Шараға мұрындық бола отырып, ректор Бақытжан Жұмағұлов студенттермен диалог жүргізу мақсатында ұлттық бас университеттің басшылығының жаңа саясатын жүзеге асырып жатыр.
2008 жылдың 30-қазанында биология факультетінің үлкен акт залында Ресей клубының Республика күніне арналған «Орыс тілі Қазақстанда» атты отырысы өтті. Ресей клубының жетекшілері: орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Ахмедьяров Қ.Қ., ф.ғ.к., доцент Мухамадиев Х.С., аға оқытушы Рыгалова Н.С.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жуырда Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің дамуы бойынша Халықаралық форум жұмысын аяқтады.
2008 жылдың 23-қазанында Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының Жастар рухани орталығында Республика күніне орай Неміс тілі клубы өз жұмысын бастады.
2008 жылдың 16 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мысыр Араб Республикасының мәдениет вице-министрі, мұрағат пен ұлттық кітапханасының Бас директоры, доктор Мұхаммад Сабир Араб пен Мысыр Араб Республикасының мәдениет министрінің Кеңесшісі, доктор Ибрахим Мұхаммад Анвармен кездесу өтті. Аталмыш кездесу Қазақстандағы Мысыр Күндерінің шеңберіне арналған. Бұл шара екі елдің мәдени және ғылыми өмірінде үлкен маңызға ие.
2008 жылдың 15 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне POSKO TJ Park (Оңтүстік Корея) қорының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті.
10 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы Қазақстан Республикасында сот билігі ғылымының қалыптасуы мен дамуының іргетасын қалаушылардың бірі - заң ғылымдарының докторы, профессор Кәлимолла Халиқұлы Халиқовтың 70-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.