Жаңалықтар

Отандық ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасы

24.09.2008

Жақында ғана ел Үкіметі отандық ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасын «құптаған» болатын. Оның жүзеге асрылуы Қазақстанның осы саладағы көшбасшылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жапонияның атомдық энергия Агенттігінің директоры Хидеаки Йокомизо университет ректоры Б.Т. Жұмағұловпен кездесті.

Ары қарай оқу >>

Астанаға ерекше құрама аттанады

24.09.2008

24 қыркүйек күні «Алматы-Астана» бағытындағы пойызбен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен студенттері Астанадағы Еуразиялық ұлттық университетіне қарай аттанады.

25-26 қыркүйек күндері Астанада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіндегі күндері өтеді. Астананың 10 жылдық мерейтойы аясындағы бұл шараның еліміздің екі маңдайалды университетінің профессорлары мен студенттер қауымы үшін маңызы зор.

Ары қарай оқу >>

БАҚ: жазғы семестрге – «үздік» баға!

17.09.2008

Университетке жаңа топ-менеджменттің келуіне байланысты жаздағы ақпарат маусымы қарқынды, жағымды жаңалықтарға толы болды. БАҚ өкілдерін шақыруға өзек болған оқиғалар - университет басшылығының көрнекті мемлекет қайраткерлерімен, журналистер,  шетелдік делегациялармен кездесулері, университет ғалымдарының бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналған ой бөлісу, пікір алмасулары екендігін айта кеткен жөн.

Ары қарай оқу >>

Жастар Елбасы бастамасын қолдайды

12.09.2008

10 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттері Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің ІІ сессиясын ашарда сөйлеген сөзін талқылауға арналған «Қоғамдағы тұрақтылық – Қазақстанның кемел дамуының кепілі» атты «дөңгелек үстел» өткізді.

Ары қарай оқу >>

Математиктердің халықаралық ғылыми форумы өтті

12.09.2008

11 қыркүйек күні әлемнің 12 елінің жетекші ғалымдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Ғылым, техника мен білім беру ісіндегі есептеу және ақпараттық технологиялар» (ЕАТ-2008) атты халықаралық конференцияға жиналды. Халықаралық деңгейдегі бұл жиын Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің есептеу технологиялары Институтымен (Новосибирск қаласы) ғылыми ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

аль-Фараби атындаға ҚҰУ Ректорының баяндамасы "Роль университетского образования в развитии страны"

01.09.2008

Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорларын, оқытушыларын, барлық студенттерді жаңа әрі ерекше оқу жылының басталуымен құттықтағым келіп отыр!

Біз бәріміз аса тартымды және қызық кезеңде өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға болады. Еліміз қарқынды дамып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясын жемісті жүзеге асырып келеді. Қазақстан ғылым мен техниканың түрлі салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, ТМД елдерінің арасында жарқын бастамалардың көшбасшысы болып отыр.

Ары қарай оқу >>

Жаңа оқу жылы ректордың дәрісімен басталды

01.09.2008

Жаңа оқу жылын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов еліміздің бас жоғары оқу орнының табалдырығын жаңа аттаған студенттерге арналған «Университеттік білімнің еліміздің дамуындағы ролі» атты дәрісімен бастады.

         - Біз өте қызықты әрі жауапкершілігі мол кезеңді бастан кешірудеміз.  Қазақстан әлемдік қауымдастықпен білімге негізделген ынтымақтастық орнатып отыр. Бұл жоғары оқу орны мен ғылыми қауымдастықты шабыттандыратын жағдай,- деп атап өтті академик Б.Т. Жұмағұлов. 

Ары қарай оқу >>

Білім ордасындағы жылы жүздесулер

01.09.2008

         Білім күні - кемелдік жолына бастайтын алғашқы баспалдақ. Сондықтан әр жас үшін бұл күннің маңызы ерекше. Олардың қатарында еліміздің білімі мен ғылымының қарашаңырағы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің табалдырығын алғаш рет аттайтын бірінші курстықтар да бар.

Білім күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультеттерінде де кеңінен атап өтілді. Биылғы жылы мемлекеттік  білім беру гранттары бойынша талапкерлерді қабылдауда университет алғашқы орынды иеленген. 14 факультетке 4 000 студент қабылданған, оның ішінде ақылы бөлімдегілер де бар.

Ары қарай оқу >>

Университет қалашығы жаңаша бой түзейді

04.08.2008

Университет қалашығы жаңаша бой түзейді

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығының шақыруымен Алматыға арнайы сапармен Американдық сәулетшілер институтының ғылыми қауымдастығының толық мүшесі, Иель университетінің сәулет мектебінің деканы Роберт Штерн мен «Robert A.M. Stern Architects» компаниясының іскерлік серіктесі Грант Марани арнайы сапармен келді. 

Ары қарай оқу >>