Жаңалықтар

Хабарландыру

31.01.2013

1 ақпанда География және табиғатты пайдалану факультетінде «Салауатты өмір салты» атты жоба бойынша Туберулез және ВИЧ белгілері, алдын алу туралы хирург-дәрігер Зарина Суханбердиева өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранттары Мәскеуде қазақ ұлттық дастарханын таныстырды

31.01.2013

2013 жылы 25-26 қаңтарда Мәскеу РХДУ-да (Ресейлік Халықтар Достығы Университеті) өткен «Жоғары оқу орындар ортасында қонақжайлылық индустриясы үшін құзіреттіктерді қалыптастыру» атты халықаралық конференция шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының екі дипломдық бағдарлама бойынша оқып жатқан магистранттар «Ұлттық асхана мәдениетаралық коммуникациялар құралы ретінде» атты жобасын ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Таллорес Халықаралық жоғары бiлiм институттары қауымдастығының мүшесі болды

30.01.2013

Таллорес Ассоциациясы (The Talloires Network, http://talloiresnetwork.tufts.edu/) Тафтс университеті жанындағы жоғары бiлiм институттарының халықаралық қауымдастығы болып табылады. Бүгінде ассоциация құрамына жалпы саны 6 миллионнан астам студент бар әлемнің 62 елiндегi 247 университет кіреді. Халықаралық қатынастар факультетiнің бастамасымен және Мичиган университетiнің шақыруы бойынша (АҚШ ) ҚазҰУ Talloires Network ассоциациясына қабылданды және ҚазҰУ үшін арнайы сайт парақшасы жасалды (http://talloiresnetwork.tufts.edu/al-farabi-national-university-kazakhstan/).

Ары қарай оқу >>

Жаңа клубтың ашылуына келіңіз

30.01.2013

31 қаңтар сағат 10.00-де (№19 ауд.) философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы «НҰР» университет деңгейіндегі ғылыми-зерттеу клубының ашылу салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы өмірінен

30.01.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі. Университет ректоры Ғ. Мұтанов оқу орны жастарға тек білім беріп қана қоймауы тиіс, оған қоса студенттерді тұлға болып қалыптасуға бағыттап, жастардың менталитетін қалыптастыруы тиіс дегенді басып айтады. Биылғы оқу жылында шетелдік студенттер Ауған елінен, Қытай, Корея тағы басқа да мемлекеттерден келіп оқып жатыр. Олар қазақ және орыс тілдерін аса қызығушылықпен оқып, Алматы қаласының көрнекті жерлеріне жиі саяхатқа барып тұрады.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

28.01.2013

2013 жыл 1 ақпан, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистика Академиясы, Бас редакторлар клубы қолдауымен 2013 жылы 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың филология факультетінде Н. А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын білім беру үдерісіне енгізудің жолдары» атты шеберлік сағаты өтеді

25.01.2013

29 қаңтарда сағат 15:00-де ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-преиденті, «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің» иегері Н. А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын білім беру үдерісіне енгізудің жолдары» атты шеберлік сағағын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Алматыда ҚазҰУ студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

25.01.2013

«28 панфиловшілер» паркінде «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімі өткізілді. 1943 жылдың 25 қаңтары біздің тарихымыз үшін елеулi оқиғамен есте қалады, кеңес әскерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде жеңіске жетті. Сол кездегі біздің жауынгерлердің ерліктері мен батырлықтары шексіз. Заманауи шынайылықты өзгерткен сол күндер біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Вестфаль Вильгельм университеті ынтымақтастықты нығайтуда

25.01.2013

2012 жылдың 19 желтоқсаны мен 2013 жылдың 18 қаңтары аралығында Вестфаль Вильгельм университетінің шақыруымен Германиядағы Мюнстер қаласында ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Жұмағұлов болып қайтты.

Ары қарай оқу >>