Араб тілін оқытудың заманауи мәселелері талқыланды
07.02.2023Сан ғасырлар бойы сауда жолдарының тоғысында болған Сауд Арабиясы түбегі ежелгі мәдениет пен әлемдік өркениеттерді бір-бірімен байланыстырып келеді. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының шақыртуымен халықаралық семинар-тренингке қатысты.






