Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаевтың 9.04.2021 жылы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласы: "Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы"
Бүгінгі таңда әлемдік экономика ерекше қарқынмен дамып, технологиялық тегеурінге, инновациялық ізденістерге, жаңа мүмкіндіктерге кең жол ашылуда. Осы орайда озық жетістіктерге қол жеткізіп, алдыңғы қатарлы елдермен терезе теңестіру үшін іргелі ғылымның алатын үлесі зор. Ал ғылым өндіріспен тығыз қарым-қатынас орнатқанда ғана нәтиже көрсетіп, жемісін береді. Сондықтан еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің таңғы арайында «Ғасырлар тоғысында» атты сараптамалық еңбегінде елдің болашағы ғылымға тікелей тәуелді екенін баса айтып және алғашқы күннен ғылым мен өндірістің қатар дамуына жете көңіл бөлді.