Жаңалықтар

«Сұңқардың» филиалы мектепте ашылды

23.09.2021

Алматы облысы Іле ауданындағы №20 жалпы орта мектепте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының филиалы ашылды. Таяуда «Жас Сұңқар» атауымен құрылған ұйымның оқушылары универсиетімізге арнайы келіп, кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Ары қарай оқу >>

«Болашақпен» 14 елде ізденісімді жалғастырдым

23.09.2021

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел дамуының жарқын жолы ретінде маман дайындаудың сингапурлық үлгісін негізге ала отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын жариялағанына да 28 жылдан асты. Ол өз сөзінде: «Болашақ» бағдарламасы – Қазақстанның бренді. Біз сонау 1993 жылдан бері қанша мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірлемелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», – деген болатын.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіз елде еңбек ету – әрбір ұстаз үшін үлкен мәртебе

23.09.2021

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. 1991 жылы Қазақстан егемен ел атанды. Тәуелсіздік – кез келген елдің ең үлкен құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз емін-еркін дамиды деп нақты айтуымызға болады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың саралы басшылығымен елімізде көптеген ауқымды істер жүзеге асырылды. Шекарамызды шегелеп, іргемізді бекітіп, дүниежүзіне белгілі мемлекет болып, өз орнымызды таба білдік. Қазіргі таңда Қазақстан 140-тан астам мемлекетпен дипломатиялық тығыз байланыста.

Ары қарай оқу >>

Жасанды бұйымға жол бермейтін голограмма

22.09.2021

Бүгінде әлемдік ғылым мен техникада «сыни» бағыттар қалыптасты. Ол – микроэлектроника және микротехнология. Бұл бағыт ғылыми жаңалықтарға арқа сүйейтін өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап микроөлшемдер ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуде басымдыққа ие болды. Қазіргі уақытта осы саладағы технологияның дамуы субмикрондық өлшемге жетіп, нано деңгейіне өтті. Ал осы «нанотехника» терминін 1974 жылы жапон ғалымы Н.Танигучи ұсынған болатын.

Ары қарай оқу >>

КОМПАНИЯ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Директорлар кеңесінің мүшесі, білім ордасының 1990 жылғы түлегі, Astana Group компаниясының басшысы, Нұрлан Смағұловпен кездесті.

Ары қарай оқу >>

Үздік жобалар өндіріске енеді

21.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев оқу орнындағы ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-білім беру орталықтары мен зертханаларының директорларымен кездесу өткізді. Дөңгелек үстелде ғалымдар зерттеуі мен әзірлемесінің экономикалық тиімділік мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>