КОМПАНИЯ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.09.2021

Көрулер: 683

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Директорлар кеңесінің мүшесі, білім ордасының 1990 жылғы түлегі, Astana Group компаниясының басшысы, Нұрлан Смағұловпен кездесті.

Құрметті қонақ сапары университет тарихына арналған ҚазҰУ мұражайымен танысудан басталды. Нұрлан Смағұлов оқу орнымыздағы биология факультетін «биология және химия» мамандығы бойынша бітірген. Танымал кәсіпкер университет мұражайынан факультеттер тарихына арналған экспозиция ашып, құнды мұралар мен қолжазбалар және фотосуреттерді орналастыруды ұсынды.

Кездесуде ректор Жансейіт Түймебаев ЖОО-ның қызметі, жоспарлары, ғылыми зерттеулері мен техникалық әзірлемелердің жаңа бағдарламалары туралы әңгімеледі.

Нұрлан Смағұлов күрделі жөндеу жүргізілген ғимараттарды аралап, Биология және биотехнология факультетінде, Жас ғалымдар мен студенттердің тәжірибелері жүргізілетін ғылыми зертханаларда болды.

Кездесу барысында студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. ЖОО басшысы тұрғын үй мәселесі белсенді түрде шешіліп жатқанын, жаңа жатақханалар салу және қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңарту бойынша университетті дамыту бағдарламасы әзірленгенін жеткізді.

Кездесу барысында ЖОО мен Astana Group компаниясы арасындағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі