Жаңалықтар

ТҮРКИЯДА «ҚАЗЫҒҰРТ ОҚИҒАЛАРЫ» ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

24.10.2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Анадолы төрінде халықаралық «Алаш» және Махмұт Қашқари әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Нұрғали Ораздың  түрік тіліне аударылған «Қазығұрт оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жастары «Болашақ – бүгін» III Нобель фестиваліне қатысады

22.10.2021

Ағымдағы жылдың 26-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Нобель сыйлығының лауреаттары, «Серпіліс үшін» беделді ғылыми сыйлығының иегерлері, ірі корпорациялар мен халықаралық ұйым басшылары, «Инновациялар ғасыры», «Жасыл болмыс», «Білім және болашақтың кәсіптері», «Адамдар үшін экономика» бағыттары бойынша отандық және шетелдік жетекші сарапшылардың қатысуымен «Болашақ – бүгін» III Нобель фестивалі  өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры жемқорлықпен күрес кеңесіне қатысты

22.10.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР жоғары оқу орындары басшыларымен өткен кеңеске қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

Ғалымдарымыз ғаламдық зерттеушілер тобына қосылды

22.10.2021

Журналистика факультетінің ғалымдары ғаламдық зерттеулер жүргізу тобына қосылды. Бүкіләлемдік журналистика зерттеулері – Worlds of Journalism Study Association (WJS) 2010 жылы құрылған. Ол  – әлемдегі журналистиканың ахуалын тұрақты бағалайтын академиялық жоба. 

 

Ары қарай оқу >>

Бекжан МЕЙІРБАЕВ, философия және саясаттану факультетінің деканы: ҚазҰУ болашаққа жол ашты

22.10.2021

Ғылымға серпіліс керек. Әсіресе отандық ғылымның өрге басуында үздіксіз дайындық пен табанды ізденістің алар орны айрықша. Елбасы бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндігін қолданған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекжан Мейірбаев білім нәрімен сусындатқан факультеті мен альма матерін әлемде сұранысқа ие бренд, жаһанның маңдайалды ғылым мен білім орталықтарының бірі әрі бірегейі болуына үлес қоссам дейді. 

Ары қарай оқу >>

Білім беру бағдарламаларына Конкурс

22.10.2021

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Валенсия университетімен (Испания)  «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» Erasmus+ жобасы аясында  2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үшін байқау жарияланғанын хабарлайды!

 

Ары қарай оқу >>

Жартастағы жазуларды қорғау шаралары қарастырылды

21.10.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлемнің мәдени мұра жауһары – Гобустан жартас суреттері» атты халықаралық сурет көрмесі өтті. «Таңбалы» мемлекеттік табиғи қорық-мұражайы және Әзірбайжанның Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайымен бірлесе ұйымдастырылған ауқымды шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының 50 жылдық мерейтойына арналды.

Ары қарай оқу >>

Ақтеңіз университетімен ынтымақтастық артады

21.10.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері Түркияның Анталия қаласындағы Ақтеңіз университетіне арнайы сапармен барды. Олар университет кампусын, оқу ғимаратын аралап, білім ошағының басшыларымен кездесті. 

Ары қарай оқу >>