Жаңалықтар

Болашақ әскери метеорологтар тәжірибеден өтті

10.11.2021

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері қолбасшылығының келісімі бойынша Алматы гарнизонының әскери бөлімінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының студенттерімен тәжірибелік сабақ өткізілді.

 

Ары қарай оқу >>

Тұғыры биік тұлға

10.11.2021

Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханұлы – ХХ ғасыр басындағы ұлт көсемі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 

 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеуде

10.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биолог ғалымдары әлемдегі аса танымал «Шпрингер» баспа үйінен жарық көрген «Микробиологиялық қауымдастықтар және олардың экстремалды ортадағы өзара әрекеті» ұжымдық монографиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялады.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВОЛОНТЕР-СТУДЕНТТЕРГЕ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНІП, АКАДЕМИЯЛЫҚ КРЕДИТТЕР ЕСЕПКЕ АЛЫНА БАСТАЙДЫ

09.11.2021

Қазақстанда волонтер-студенттерді материалдық ынталандыру жүйесі енгізілді. Енді волонтерлік қызметпен белсенді айналысатын білім алушылар атқарған еңбегі үшін ақшалай сыйақы ала бастайды. Сондай-ақ академиялық кредиттер есептелуі мүмкін. ҚР Білім және ғылым министрлігі тиісті нормаларды енгізді.

Ары қарай оқу >>

Философиядағы еуразиялық идеялар талқыланды

09.11.2021

Елімізге белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Марат Шамұратұлы Хасановтың 80 жылдық мерейтойына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан философиясының Еуразиялық дискурсы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Үнемі ізденіс үстіндегі ұстаз

09.11.2021

Адамзат ақпарат ғасырына қадам басқан қазіргі таңда өскелең буын тәрбиешісі, рух сәулетшісі – ұстаз рөлі өлшеусіз өсті. Мұны өз университетіміздің мысалынан да айқын көріп отырмыз. Олар халықтың көкірек көзін ашып, санасына ілім-ғылымның нұр сәулесін құятын, ұрпақ бойына ұлттық және азаматтық құндылықтарды сіңіретін бірден-бір тұлға.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

08.11.2021

Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды. Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы болашақ педагогтерді даярлау сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Ары қарай оқу >>

Мексика тарихы қазақ тіліне аударылмақ

08.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Басқарма Төрағасы –  Ректоры Жансейіт Түймебаев Мексика Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Хосе Луис Мартинес Эрнандес  бастаған делегациямен кездесу өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік – білім мен ғылымның дамуына бастар жол

08.11.2021

Еркiн болу – қай кезде де баға жетпес қазына. Бұл күнге жету жолында ата-бабаларымыз, аға-әпкелерiмiз жан алысып, жан берiстi, соңғы демдерi таусылғанша азаттық жолында айқасты. Дұшпандарын күйiндiрiп, достарын сүйiндiрiп келген Тәуелсiздiк таңы барша қазақтың сөнген үмiтiнiң қайта жанған күнi болды. 

Ары қарай оқу >>

Қанат САУДАБАЕВ, мемлекет қайраткері: Дипломатия қазақтың қанында бар қасиет

08.11.2021

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «30 жылдыққа – 30 апталық» бағдарламасы аясында оқытушы-профессорлық құрам мен студенттер алдында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және сыртқы саясаттағы жетістіктер» деген тақырыпта дәріс оқыдым.

Ары қарай оқу >>