Жаңалықтар

Студенттер Мажарстан тарихымен таныса алады

29.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Будапешт қаласындағы Парламент үйінің қалыптасу тарихына арналған көрме ашылды. Шараға Мажарстанның Алматыдағы бас консулы Ференц Блауман, университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тауман Амандосовтың туғанына – 100 жыл

26.11.2021

Қазақ журналистикасының алтын ұясы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына орай,«Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Жамбыл апталығы аяқталды

26.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған апталық қорытындыланды. Аптаның соңғы күні университет студенттері Сүйінбай Аронұлы және  Жамбыл Жабаевтың кесенесі мен мұражайына арнайы барды. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранттары Висмар университетінің дипломын алды

26.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі отырысында Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев заң факультетінің түлектері Жандос Жетпісбай мен Досжан Қасымбековке Висмар университетінің мигистрлік дипломдарын табыстады.

Ары қарай оқу >>

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ ЖАҢА КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІН БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ

26.11.2021

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін білім гранттары жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін бөлінеді. Жоғары оқу орындары арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурсы 2021 жылғы 29 қарашада басталады.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮДЫҢ БІРЕГЕЙ ӘДІСІН ОЙЛАП ТАПТЫ

26.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары биомедициналық қалдықтарды жоюдың инновациялық әдісін ойлап тапты. Отандық ғылыми зерттеушілер әзірлеген қалдықтарды қайта өңдеудің плазмалық технологиясы мен плазмохимиялық реактордың әлем бойынша баламасы жоқ. Әзірлемелер арнайы патенттермен қорғалған.

Ары қарай оқу >>

Философия ғылыми мектебінің дамуы сараланды

26.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасы және Әл-Фараби орталығының ұйымдастыруымен ІІІ Қазақстандық философиялық конгресс аясында Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 90 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ағын Қасымжанов – ғалым-философ, фарабитанушы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін!» республикалық жастар форумы өтті

25.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриот жастардың форумы өтті. Дәстүрлі түрде тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Жамбыл тойы – түркі халықтарының ортақ мерекесі

25.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл апталығы аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Башқұртстан және Саха Республикасынан танымал жамбылтанушы, әдебиетші, тілші ғалымдар мен оқу орнының білім алушы жастары қатысты. 

Ары қарай оқу >>