Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Qazaq radiosy апталығы өтті

14.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ радиосының 100 жылдығына орай, Qazaq radiosy – ғасыр шежіресі: тарихы, дамуы және болашағы» атты  шеберлік сыныбының апталығы өтті. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Тәуелсіздік мерекесі атап өтілді

13.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Пікірсайыс турнирі өтті

13.12.2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алтын сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби шәкірттері – VI» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Жарысқа Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. 

Ары қарай оқу >>

ШАХБАЗ ЕРШИН АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

11.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Механика кафедрасының 85 жылдығы аясында академик Шахбаз Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік тойына арналған фотокөрме

10.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасының үлкен залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай, «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты танымал отандық фотожурналистер мен ҚазҰУ-дың журналистика факультеті студенттерінің шығармашылық фотокөрмесі өтті. 

Ары қарай оқу >>

Жұмабек Кенжалин оқулары өтті

10.12.2021

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІ Жұмабек Кенжалин оқулары аясында «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: тəуелсіздік тынысы» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Шараға танымал қаламгер-журналистер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Кітап fest» жәрмеңкесі өтуде

09.12.2021

Бүгін «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында «Кітап fest» жәрмеңкесі ашылды. Оған университет оқытушылары және білім алушы жастармен қатар, қала тұрғындары мен қонақтар келді.

Ары қарай оқу >>

Турнир Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды

09.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» онкүндігі аясында волейболдан қыздар арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнир өтті.   

Ары қарай оқу >>

Робототехниканың үздіктері ҚазҰУ-да оқиды

09.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан механика-математика факультетінің командасы «ETU Robocon 2021» университеттер арасында робототехника бойынша ІІ республикалық чемпионатқа қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>