Хорошее здоровье и благополучие

29.02.2024

Көрулер: 130

Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында профессор Танбаева Гүлнұр Зейнелқызының  жетекшілігімен 1 жыл докторанты Есказина Гульжайнар Талгатовна  және де бакалавр студенттерімен бірге Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: білім алушыларға қант диабетінің қауіптілігі, диабет мектебі және ауруларды басқару бағдарламасы туралы ақпарат беру. Қазіргі уақытта адамның өзін қатыстыра отырып денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру және халықтың аурушаңдығын, асқынулары мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару мақсатында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде дәлелді медицинаға негізделген ауруларды басқару бағдарламаларын (АББ) енгізе отырып, МСАК-ты күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ауруларды басқару бағдарламасы Денсаулық сақтау саласындағы маңызды іс-шара болып табылады. Іс-шара барысында кафедра бакалаврлары қант диабетінің қауіптілігі, диабет мектебі және ауруларды басқару бағдарламасы туралы ақпарат алып, пікір алмасты.

        Іс-шара спикері 1 жыл докторанты Есказина Гульжайнар Талгатовна  Халықаралық диабет федерациясының (International Diabetes Federation) мәліметтеріне шолу жасап, Қазақстанда да соңғы 10 жылда қант диабетімен сырқаттанушылық көрсеткіші қарқынды өсуін дәлелмен келтірді. Емханалардың құрамында науқастардың өзіне көмек көрсету дағдыларына, өз денсаулығына жақсы қарым-қатынас жасауына үйрететін, сондай ақ, салауатты өмір салты (СӨС) туралы ақпараттармен қамтамасыз етуші мектептер жұмыс жасайды. Солардың бірі-  «Диабет мектебі». Дөңгелек үстел аясында - Диабет мектебіндегі жүргізілетін іс-шаралар туралы талқыланды.

    Бұл дөңгелек үстел барысында  Денсаулық сақтау саласындағы Ауруларды басқару бағдарламасы, соның ішінде  «Қант диабеті» кезінде жүргізілетін мейіргерлік күтімнің маңыздылығын  ескере отырып, бакалавриат студенттері арасында зейінді қалыптастыру және білім алмасу жолындағы маңызды қадам болып табылады