Жаңалықтыр

11.06.2022

Құрметті әріптестер!

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (бұдан әрі-ҚазҰУ) 2015 жылдан бастап білім берудің барлық 3 деңгейі (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша бағдарламаларды іске асыратын медицина және денсаулық сақтау факультеті толыққанды жұмыс істейтінін қуана хабарлаймыз.

Бүгінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - QS World University Rankings - Top Universities университеттерінің әлемдік рейтингінде 150-ші орын алатын бірегей білім беру орталығы.

ҚазҰУ 2022-2023 оқу жылына бакалавриат, магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша «Денсаулық сақтау» саласындағы сіздің мамандарыңызды жоғары біліктілікті арттыру білім беру бағдарламалары арқылы даярлауды ұсынады. Білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат қосымшада.

 

Медицина және денсаулық сақтау

факультетінің деканы м.ғ.д.,

профессор                                                                        Ж.А.Калматаева

 

     Бакалавриат:

  • ·          «Жалпы медицина»
  • ·          «Стоматология»
  • ·          «Қоғамдық денсаулық сақтау»
  • ·          «Фармация»
  • ·          «Мейірбике ісі»

Интернатура:

  • ·          «Жалпы медицина»
  • ·          «Стоматология»

 

Магистратура:

  • ·          «Қоғамдық денсаулық сақтау»
  • ·          «Эпидемиология»
  • ·          «Гигиена»
  • ·          «Медицина»
  • ·          «Мейірбике ісі»
  • ·          «Дәрігер -зерттеуші»
  • ·          «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»
  • ·          «Фармация»
  • ·          «Биомедицина»
  • ·          «Денсаулық сақтау саласындағы құқықтану»
  • ·          «Денсаулық сақтаудағы биоинформатика»
  • ·          «Дене шынықтыру және спорт»
  • ·          MВA и EMBA (ҚР БҒМ емтихандарынсыз) (1,2 жылдық бағдарлама)

Бейінді бағыт оқу мерзімі 1-1,5 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт оқу мерзімі -2 жыл.  

Докторантура бағдарламалары бойынша:

  • ·                       «Қоғамдық денсаулық сақтау»;
  • ·                       «Медицина»;
  • ·                       «Фармация»
  • ·                       «Мейірбике ісі»
  • ·                       «Дене шынықтыру және спорт»
  • ·                       «Денсаулық сақтаудағы DBA»

Біздің бағдарламалардың негізгі артықшылықтары:

1. Біздің білім беру бағдарламаларымыздың халықаралық аккредитациясы бар - ASIIN және NAAR сертификаты.

2.     Бағдарламалар әлемнің жетекші университеттерінің (Джонс Хопкинс Университеті, Аризона университеті, Енсе университеті, Мак Гилл Университеті және т.б.) білім беру бағдарламаларымен үйлестірілген.

3. Әлемнің жетекші университеттерінің оқытушылары шақырылады (АҚШ, Канада, Германия, Франция, Венгрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Финляндия, Ресей және т.б.).

3.   ҚазҰУ оқытушылары "Times High Educaition" рейтингісіне сәйкес Топ-200 құрамына кіретін университеттер дипломдарына ие (Scuola Superiore Sant’Anna, Италия; The University of California, Berkeley, University of Leeds).

4.   Білім алушылар үшін ғылыми тағылымдамалар шетелдік әріптес ЖОО - да өткізіледі.

5. Білім алушыларға даярлық бейінін таңдау құқығы беріледі (денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы, денсаулық экономикасы, денсаулық сақтауды қаржыландыру, корпоративтік басқару, дербестендірілген және жүйелі медицина, омикс технологиялары, машиналық оқыту, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер, эпидемиология, клиникалық медицина, биомедицина және т.б.).

6. Оқыту клиникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, фармацевтикалық бейіндегі 60-тан астам базада, сондай-ақ ҒЗИ мен ҒО-да жүргізіледі.

6. Бағдарламалар жұмыс берушілердің қатысуымен, түлектердің пікірлері, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие.

7. Икемді, ыңғайлы оқу кестелері мен нысандары (күндізгі, қашықтықтан оқыту компоненті бар күндізгі, қашықтықтан оқыту, өңірлерге шығу).

Сондай-ақ, «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №305 ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес медициналық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ кадр резерві "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтаудағы менеджмент", "Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент" мамандықтары бойынша білімі болуы тиіс екенін еске саламыз. Біздің университетте ұсынылған бағдарламалар 1; 1,5; 2 жыл оқу мерзімдері таңдау үшін ұсынылған.

Ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Мақсатты гранттар, мемлекеттік гранттар және ақылы негізде қабылдауға дайынбыз.

 

Толық ақпарат алу үшін біз 2022 жылғы 21 маусымда сағат 11:00-де Ашық есік күнін өткіземіз.

Өткізу форматы: Оффлайн – ҚазҰУ кітапқанасы №409 ауд.;

Онлайн форматта Zoom арқылы: https://us02web.zoom.us/j/7772210090?pwd=aWR0SFR4V2NBeC9lQTRSOVVLd1l4Zz09 Конференция идентификаторы: 777 221 0090, Кіру коды: 2020

 

Ашық есік күнінің сұрақтары бойынша 2022 жылғы 20 маусымға дейін қатысушылардың деректерін медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор Калматаева Жанна Амантаевнаның атына ресми хатпен хабарлауды сұраймыз немесе мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

+7 777 221 0090 - Капанова Гульнара Жамбаевна;

+7 702 103 3783 - Айманова Ляззат Бахтияровна.

 

Оқуға түсу бойынша туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына, кафедра қызметкерлерінің телефондары бойынша хабарласуға немесе почтаға жазуға болады:

Бакалавриат бағыттары бойынша - «Жалпы медицина»; бакалавриат, магистратура, докторантура «Фармация», «Биомедицина»:

       +7 700 700 2093 – Сатмбекова Динара Канатовна;

+7 775 259 2299 Gaukhar.Kurmanova@kaznu.edu.kz -Курманова Гаухар    Медеубевна;

Мейірбике ісі бағыттары бойынша бакалаврит, магистратура:

     +7 747 669 19 89– Шокай Улбосын;

Интернатура бағыттары бойынша:

       +7 701 716 7979 – Кондыбаева Аида Муратовна;

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Эпидемиология», «МВА», «DBA» бағыттары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура:

+7 707 304 9200 Saltanat.Mamyrbekova@kaznu.edu.kz -Мамырбекова Салтанат Апбасовна;

Магистратура бығыты бойынша «Медицина», «Менеджмент», «Құқықтану», докторантура «Медицина» и «Мейірбике ғылымы»

+7 777 221 0090 Gulnara.Kapanova@kaznu.edu.kz -Капанова Гульнара  Жамбаевна;

       +7 707 452 0296 Нуржановна Мадина Абдыкадыровна

 

Құрметпен және ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастыққа үмітпен.

 

04.06.2022

2022 жылдың 1-3 маусым аралығында Архангельск қаласында Арктикалық кеңесте Ресей Федерациясының төрағалық (2021-2023 жылдар). бағдарламасының іс-шаралар шеңберінде, Арктикада адам денсаулығын сақтау бойынша Конференция өтті. Конференция, өз алаңында Ресейдің 20 қаласынан, Қазақстан және Беларусь Республикаларынан 317 қатысушыны жинады.

Конференция жұмысына медицина ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Медицина және денсаулық сақтау факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі директорының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының доценті Қалмаханов Сүндетғали Беркінұлы қатысып, «Климаттың өзгеруімен байланысты мәселелер және Арктикадағы биологиялық қауіпсіздік» атты секцияда «Алматы қаласында жылдың суық кезеңінде ауа райы мен жүрек-қантамыр ауруларының байланысы» тақырыбында баяндама жасады.