Қазіргі таңдағы заман талабындағы заманауи геодезиялық аспаптарың ролі

  

          Заманауи геодезиялық аспаптар пәнінің практикалық жұмыс кезіндегі орнын, көрсету, геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, ақпаратты жиану, өңдеу, жүргізу және оларды жобалау кезіндегі пайдалана білу. Геодезиялық аспаптардың құрылыстарын жете үйрету, теориялық терең білім беру, пландық және жиілетілген жүйе биіктіктерін және пландық-биіктік негіздерінің геодезиялық өлшеу нәтижелерін құрылыс ғиматараттар салу кезінде қолдана білуі. Студенттермен осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан сараптау.

          Геодезия-құрылыста кеңінен қолдану тапқан және мынадай негізгі міндеттерді шешетін ғылым: құрылысты жобалау сатысында геодезиялық деректерді алу (инженерлік-геодезиялық іздестіру); жобаға сәйкес негізгі осьтер мен құрылыстардың шекараларын шығару және жергілікті жерде бекіту (бөлу жұмыстары); Құрылыс сатысында құрылыс элементтерінің дұрыс геометриялық нысандары мен өлшемдерін қамтамасыз ету, құрылыстың салынған элементтерінің жобалық (атқарушылық түсірілімдерден) ауытқуларын анықтау, жер бетінің немесе құрылыстың өзінің деформациялануын қадағалау.

          Ғылыми-техникалық прогресс орнында тұрмайды. Күн сайын ол біздің өміріміздің көптеген салаларын қамтиды. Соңғы бірнеше жылда құрылыс қарқыны айтарлықтай өсті. Нәтижесінде, бұл геодезия үшін жабдықтың дамуына алып келді. Қазіргі заманғы құрылыс алаңындағы кез келген геодезиялық аспаптар ең маңызды және қажетті элементтердің бірі болып табылады. Мұнда сондай-ақ геодезиялық аспаптар мен жоғары дәлдікті компьютерлік техника сегментінің дамуы арасындағы тұрақты өзара байланыс айқын байқалады. Компьютерлік инновациялар геодезиялық жабдықтарды жаңғырту мен жетілдіруге мүмкіндік берді.

   


Басылым күні :  14.10.2023