8D05403 Механика

Білім беру саласының коды және классификациясы 8D05  Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындау бағытының коды

және классификациясы
8D054  Математика  және статистика
Білім беру бағдарламасының атауы 8D05403 - Механика
БББ түрі Қолданыстағы БББ
БББ мақсаты

Механика саласында жоғары білікті, отандық және әлемдік еңбек нарығында

бәсекеге қабілетті, іргелі ғылыми дайындыққа ие;

өзекті ғылыми зерттеу жұмыстарын ең жоғарғы методологиялық

деңгейде табысты жүргізе алатын, белсенді әрі азаматтық ұстанымы бар

ғылыми мамандар дайындау болып табылады.

БҰШ деңгейі 8
БСШ деңгейі 8
БББ ерекшеліктері

«8D05403 - Mеханика» білім беру бағдарламасы келесі шет елдік серіктес унивеситеттермен біріге отырып жасалды:

 

«8D05403 - Mеханика» білім беру бағдарламасы халықаралық ASIIN (Германия) агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өтті.

Аккредитация мерзімі 11.11.2014-31.12.2019 жж.

Білім беру бағдарламасының позициясы:

-        АРТА ұлттық рейтингі бойынша - 1 орын (2014-2019 жж.);

-        БСҚА ұлттық рейтингі бойынша - 1 орын (2013-2019 жж.).

 

«8D05403 - Mеханика» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандар дайындауға барлық жағдайлар жасалған:

жоғары білікті штаттағы оқытушылар қызмет етеді;

-       зертханалар заманауи жабдықтар, аппараттық және бағдарламалық құралдар және құрылғылармен жабдықталған;

-       оқу барысында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, зерттеу ортасын дамыту, студенттердің инновациялық белсенділігін ынталандыру мүмкіндіктері бар;

-       барлық мамандықтар бойынша 3 тілде (ағылшын, қазақ, орыс) заманауи оқу құралдар және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілген;

-       Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері бар;

-       жақын және алыс шет елдердегі алдыңғы қатарлы университеттерде және / немесе ірі ғылыми-зерттеу орталықтарында диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне;

-              Нанси Университетінде (Франция) геоэнергетика саласындағы бірлескен PhD бағдарламасы бойынша шетелдік тәжірибе және тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне;

-        еліміздің жоғары оқу орындарында, Қазақстанның ғылыми орталықтарында, Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясында, Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында, арнайы қызмет көрсету орталықтарында және басқа да ұйымдарда мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндіктеріне;

-        Франция, Германия, Үндістан, Польша, Жапония, АҚШ, Ресейдегі серіктес жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық аясында оқу мүмкіндіктеріне ие.

Механика кафедрасы Қазақстан Республикасының ғылымды дамытудағы 7 басым бағыттарының ішіндегі 3 бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

  1. «Табиғи ресурстарды, соның ішінде су ресурстарын, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдарды ұтымды пайдалану»;
  2. «Энергетика және машина жасау»;
  3.  «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер».
Кафедрада Бүкіләлемдік банк жобасы іске асырылуда: «Тұрғын үй ауданын/көпқабатты ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында  күннің жылу энергиясын маусымдық сақтау технологиясы».Аталған жоба аясында ЖШС GreenWell Mechanics атты инновациялық өнеркәсіп құрылды.
Оқу нәтижелері

Оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерге ие болады:

  1. ON1 Теориялық және аспан механикасының мәселелерін шешудің заманауи аналитикалық және сандық әдістерін критикалық түрде талдау және нақты физикалық есептің тұжырымдамасына қойылатын шектеулерді ескере отырып, қолайлы әдістерді таңдау;
  2.  ON2 наноматериалдардың физикохимиялық қасиеттерін егжей-тегжейлі талдау, турбулентті ағындардың моделдерін құру принциптерін талдау, жоғары өнімділік есептеулер мен параллель есептеулерді қолдану арқылы сұйықтар мен газдардың динамикасының есептерін жоғарғы реттік дәлдікте модельдеу;
  3. ON3 жылу және масса алмасу процестерін модельдеу, өтетін химиялық реакцияларды ескере отырып модельдерін құрастыру және COMSOL Multiphysics бағдарламалық пакетін қолданып күрделі физикалық процестерге зерттеулер жүргізу;
  4. ON4 Роботты жүйелерді модельдеудің заманауи әдістерін, роботтардың заманауи интеллектуалды жүйелерін зерттеу әдістерін қоса алғанда, механика жүйелерін жобалау, диагностикалау және бақылауды қолдана отырып, актуаторларды, манипуляторларды, стационарлық және жылжымалы роботтарды жобалау;
  5. ON5 пластикалық және жылжымалылық теориясының есептерін, деформацияланатын қатты дене механикасының нақты есептерін, жер асты құрылымдарының механикасы, морт қирау механикасы және композиттер механикасы есептерін шешу үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолдану;
  6.  ON6 қазіргі заманғы деректерді өңдеу әдістерін қолдана отырып, механиканың әртүрлі салаларынан ғылыми деректерді талдау , түсіндіру,оның ішінде визуализациялау және оларға негізделген практикалық ұсыныстарды әзірлеу;
  7. ON7 орнықтылық және орнықсыздық жағдайларын ажырата білу, хаостың туындауын, хаостың ошақтарын және олардың шекараларын анықтай білу, механиканың нақты бағыттарындағы мәселелерді шешу үшін осы білімдерін қолдану;
  8. ON8  қажет болған жағдайда, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыру және түзетулер енгізу, есептің қойылымына барынша дәл жауап беретіндей әдістерді таңдау; алынған нәтижелерге сын көзбен қарау, оларды талдау және бағалау, тіпті толық емес немесе шектеулі ақпараттар негізінде де дәйекті тұжырымдамалар жасау; ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелерінің маңыздылығын сыни түрде бағалай отырып, сол нәтижелерді кең ауқымды ғылыми қоғамдастыққа жеткізу және академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып ғылыми мақалалар жазу;
ON9 механика салаларына қатысы қоғамда өзекті болып саналатын механиканың теориялық немесе практикалық есептерін қарастыра отырып , осы тақырыпқа сәйкес өз бетімен ғылыми жобаларды ұсыну және оны шешуге қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарының алгоритмін әзірлеу; таңдаған ғылым саласында өзінің кәсіби тұрғыдан даму бағытын және даму қарқындылығын анықтай білу, командада жұмыс істей білу және жалпы ұжым мен қоғамның дамуына өз үлесін қосу.
Оқу түрі Күндізгі
Оқу тілі Қазақ/ орыс/ ағылшын
Кредит саны 180
Берілетін дәреже: «8D05403 - Mеханика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы
Кадрларды дайындау бағытына  берілген  лицензия қосымшасының бар болуы АБ 0137355
БББ аккредитациясының бар болуы Бар
Аккредитациялаушы ұйымның  атауы ASIIN  (Германия)
Аккредитация мерзімі 11.11.2014-31.12.2019.