«Сандық ғалам 4,0: кітапхана қауымдастығына арналған жаңа тенденциялар мен міндеттер» атты алғашқы қысқы мектеп

24.02.2023

Көрулер: 698

Сандық ғаламдағы кітапхананың өзекті мәселесін талқылау мақсатында 2023 жылдың 23-24 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті және Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен кітапханашылардың «Сандық ғалам 4,0: кітапхана қауымдастығына арналған жаңа тенденциялар мен міндеттер» атты алғашқы қысқы мектеп жұмысы басталды.
Бағдарламаға сәйкес, қысқы мектептің бірінші күнгі жұмысына АҚШ-тың Индиана университетінің профессоры, библиограф Акрам Хабибулла, Түркияның Ислам ынтымақтастығы ұйымы (OIC) Ислам тарихы, мәдениет және зерттеу орталғының (IRCICA) кітапхана және мұрағат бөлімінің меңгерушісі, доктор Дидар Байыр, Иордания Ұлттық кітапханасының Бас Директоры, педагогика ғылымдарының докторы Нидал Ибрахим Мухаммад әл-Ахмад, Иордания Ұлттық кітапханасының ақпараттандыру және архивтану магистрі Тамадор Мукахал және жақын шет елдердің кітапхана саласында еңбек етіп жүрген ғалымдары мен жетекші мамандары – Өзбекстанның Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінің «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.И.Ганиева, Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің аға оқытушысы М.Н. Теишова кітапхана саласының өзекті мәселелерімен бөлісті.
Қысқы мектептің екінші күнінде Қазан Мемлекеттік Мәдениет институтының кітапханалық-ақпараттық қызмет және зияткерлік жүйелер кафедрасының доценті Н.Г.Яшина, РФ-ның Саратов қаласының IPR MEDIA басым бағыттарын дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары В.В.Кутуева баяндамалары тыңдалады.